Қызылорда облысы бойынша 405736 сайлаушы тіркелді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 29 қаңтар 2016 ж. - 09:39 | Көрудің саны: 192
Қызылорда облысы бойынша 405736 сайлаушы тіркелді20 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға Қызылорда облысы бойынша 405736 адам қатысады.

Бұл туралы «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов мәлімдеді, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Саяси маңызды шараны ұйымдастыру мен өткізуді барлығы 506 сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді. Осыларда 405 мыңнан астам адам дауыс беруші ретінде тіркелген.

- Партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда кандидаттарды ұсыну 8 ақпанға дейін, тізімдерді тіркеу 19 ақпанға дейін жалғасады. Мұны орталық сайлау комиссиялары жүргізеді. Үгіт-насихат жұмыстары 20 ақпан мен 18 наурыз аралығын қамтиды, - деді Абайбек Жүнісов.

Ал ҚХА-нан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар 29 ақпанға дейін ұсынылады. 29 ақпан-5 наурыз аралығында оларды тіркейді. 6-18 наурыз аралығы үгіт-насихат жұмыстарына арналады.

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары 5 күннен кешікпей анықталады. Басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс иеленген үміткер депутат болып есептеледі.

Сайлау заңнамасына сәйкес егер сайлаушы 30 күн бұрын өзінің тіркелген мекен-жайында болмайтынын білсе, жергілікті әкімдікке хабарласып, сайлау күні болатын жерінің сайлаушылар тізіміне тіркеле алады.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Қызылорда облысы сайлаушыларының 97,5 пайызы сайлауға қатысты

Қызылорда облысы сайлаушыларының 97,5 пайызы сайлауға қатысты

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қа...
Сайлаушылар назарына!

Сайлаушылар назарына!

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының орналасқан мекен- жайы: Қызылорда қаласы,...
САЙЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА.

САЙЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА.

Облыстық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 24 қазандағы  №ОСК-15/43 қаулысымен...
ЖАҢА СЕНАТОРЛАР ЕСІМІ 7 ҚАЗАНДА БЕЛГІЛІ БОЛАДЫ

ЖАҢА СЕНАТОРЛАР ЕСІМІ 7 ҚАЗАНДА БЕЛГІЛІ БОЛАДЫ

Өткен жұма күні Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 25 сессиясы 2014 жылғы 04 сәуірде сағат...
Пікір: