ОБЛЫС МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТТІ

ОБЛЫС МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТТІЕл тәуелсіздігі мерекесіне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен Алматыда мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру мақсатында республикалық байқау өткізілген болатын. "Тіл–халық жанын танудың кілті" атты байқауда жерлесіміз Жаңақорған ауданындағы № 169 орта мектептің 9-сынып оқушы Анастасия Балясникова жүлделі бірінші орынға ие болды. Қазақ тілінің айбынын асқақтатуға үлес қосып жүрген орыс қызы Анастасияға қанатың талмасын, өркендей бер дегіміз келеді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2013 г. 433 0