ҚАЗАЛЫДА САЙЛАУҒА ӘЗІРЛІК ҚАРҚЫНДЫ

ҚАЗАЛЫДА САЙЛАУҒА ӘЗІРЛІК ҚАРҚЫНДЫЖанқожа Нұрмұхамедұлы көшесіне орналасқан аудандық сайлау комиссиясының тыңғылықты жұмысын көрген соң осындай тұжырымға келдік. Комиссия төрағасы Жаппарберген Жалғасбай талай сайлау науқанына жетекшілік жасағантәжірибесі мол маман.

Төрағамен тілдесу барысында біраз сырға қанықтық. Аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты күнтізбелік жоспар, комиссия мүшелерінің өзара міндеттер бөлінісі, сайлаушыларды қабылдау кестесі жасалып бекітілген. Аудан бойынша 3 облыстық, 15 аудандық округтік, 38 учаскелік, 1 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бар. Оларда 399 сайлау комиссиясының мүшесі жұмыс істейді.

– Округтік, учаскелік сайлау комиссияларының шекаралары мен құрамы қайта қаралды. Нақты кезеңде 39979 сайлаушы есепке алынды. Қала, кент, ауылдық округ әкімдері тарапынан сайлаушылар саны нақтылануда. Аудандық сайлау комиссиясы тарапынан комиссия мүшелеріне құқықтық оқыту бойынша бірнеше мәрте семинар- кеңес өткізілді. Жуырда №204 мектепте облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен семинар – оқу ұйымдастырылды, – дейді комиссия төрағасы.

Саяси науқанға арналған «Сайлау заңдылығы және сайлауды ұйымдастыру» тақырыбындағы сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары қатысқан ауқымды кеңестен тұшымды ой түйдік. Бас-аяғы 200-ге тарта адам бірнеше сағат бойы өздеріне аса қажетті мағлұматтар алды. Күн тәртібіндегі сайлауға байланысты дауларды қарастыру тәжірибесі, учаскелік сайлау комиссиясының жабдықталуы, сайлаушылардың тізімін қабылдау және нақтылау жұмысын ұйымдастыру, сайлауға байланысты қоғамдық тәртіпті қадағалау, сайлау заңдылығы және оны бұзушылықтың жауапкершілігі, өзге де тақырыптарға жұртшылық қызығушылық танытты.

Сонымен Қазалыдағы үш облыстық, он бес аудандық округ бойынша ұсынылған кандидаттардың 54-і тіркеуден өтті.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2016 г. 435 0