Тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытында пойыз қатынайды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 10 наурыз 2016 ж. - 10:25 | Көрудің саны: 250

Тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытында пойыз қатынайды15 наурыздан бастап көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру және жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін «Қазақстан темір жолы» АҚ «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытында жаңа пойызды шығарады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хатарлады.

Пойыз тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен: Жезқазған-Қарсақпай-Байқоныр-Көктал-Қоскөл-Қарашеген-Абай-Сексеуіл әрі қарай Арал-Қазалы арқылы Қызылордаға дейін қатынайтын болады.

40-тан астам елді мекендерді қамтитын бұл бағыт «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік маңызды жоба болып саналады.

«Бұған дейін біздің тұрғындар еліміздің оңтүстігіне бару үшін Қарағанды арқылы қатынап, канша уақыты мен қаржысын шығындайтын. Енді міне, төте жол салынып халық жол азабын тарпайтын болды. ҚТЖ компаниясына ризашылығымызды білдіре отырып, жаңа жол аймаққа жаңа серпін береді деп сенеміз», - дейді Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов.

Пойыз Жезқазғаннан 19 сағат 12 минутта шығып, Қызылордаға келесі күні 19 сағат 53 минутта жетеді.


Сондай-ақ... оқыңыз:

«Сырдария» жүрдек пойызы Астанадан Қызылордаға күнара қатынайтын болады

«Сырдария» жүрдек пойызы Астанадан Қызылордаға күнара қатынайтын болады

Көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2015 жылдың 25 сә...
«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді

«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Астана-Қызылорда» ...
Сыр өңірі үшін Жезқазған-Бейнеу теміржолының маңызы зор

Сыр өңірі үшін Жезқазған-Бейнеу теміржолының маңызы зор

Таяуда ғана пайдалануға берілген Жезқазған-Бейнеу теміржолының Сыр өңірі үшін де...
ҚАРАҚҰМДА АЛҒАШҚЫ СТАНСА САЛЫНУДА

ҚАРАҚҰМДА АЛҒАШҚЫ СТАНСА САЛЫНУДА

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде қаншама шақырым темір жол желісі салынды....
Қыркүйекте «Жезқазған-Сексеуіл» теміржол желісінде 3 станса ашылады

Қыркүйекте «Жезқазған-Сексеуіл» теміржол желісінде 3 станса ашылады

Қыркүйекте «Жезқазған-Сексеуіл» теміржол желісінде 3 станса ашылады....
Қызылордаға жүрдек пойыз қатынайды

Қызылордаға жүрдек пойыз қатынайды

Астана. Алдағы жылы Қазақстанда бес жүрдек теміржол бағытын іске қосу жоспарланып...
Пікір: