Қызылорда-Сексеуіл-Жезқазған бағытында жаңа пойыз қозғалысы іске қосылады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 11 наурыз 2016 ж. - 15:14 | Көрудің саны: 487
Қызылорда-Сексеуіл-Жезқазған бағытында жаңа пойыз қозғалысы іске қосыладыНаурыздың 15-інен бастап Қызылорда-Сексеуіл-Жезқазған бағытында жаңа пойыз қозғалысы іске қосылады. Кеше Сенаттың жалпы отырысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев осылай мәлім етті.

Еске салайық, отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын.

Құжатты талқылау барысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысында 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Сексеуіл-Түркістан жолаушылар пойызы қатынағанын, алайда ол бағыттағы қатынас жаңа жылдан бастап тоқтатылғанын алға тартты. «Қызылорда облысының сексен пайызы осы теміржолдың бойында орналасқан. Қаңтардан бастап субсидия берілмеуі себебінен тоқтатылған пойыз бағытының қайта жаңғырту тетігі бар ма?» - де сұраған болатын сенатор.

Ал министр Әсет Исекешевтың айтуынша, аталған бағыттағы пойызға халық сұранысы төмендеп, отыз пайызға дейін құлдыраған. «Сондықтан да, биылғы жылдың он бесінші наурызынан бастап, Қызылорда-Сексеуіл-Жезқазған жаңа пайыз бағыты іске қосылады. Бұл пойыз Қазалы, Төретам, Жусалы секілді бірқатар шағын елді мекендерде тоқтайтын болады», - деді Ә. Исекешев.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытынд ...

Тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытынд ...

15 наурыздан бастап көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру және жолаушыларға сапалы...
Қазақстанда «мобильдік тәуелділік» жойылады

Қазақстанда «мобильдік тәуелділік» жойылады

Қазақстанда «мобильдік тәуелділік» жойылатын болады. Бұл туралы бүгін Парламент...
«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді

«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Астана-Қызылорда» ...
ЖОЛ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

ЖОЛ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «Астана-Теміртау» автожолын...
Қыркүйекте «Жезқазған-Сексеуіл» теміржол желісінде 3 станса ашылады

Қыркүйекте «Жезқазған-Сексеуіл» теміржол желісінде 3 станса ашылады

Қыркүйекте «Жезқазған-Сексеуіл» теміржол желісінде 3 станса ашылады....
Қызылордаға жүрдек пойыз қатынайды

Қызылордаға жүрдек пойыз қатынайды

Астана. Алдағы жылы Қазақстанда бес жүрдек теміржол бағытын іске қосу жоспарланып...
Пікір: