«Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы жолға шықты

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 15 наурыз 2016 ж. - 18:21 | Көрудің саны: 307
«Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы жолға шықтыБүгін Сыр елінен «Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын алғашқы жолаушылар пойызы жолға шықты. Айта кетейік, бұл жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.
    «Қызылорда – Жезқазған» пойызы былтыр ғана қолданысқа берілген «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» жаңа теміржолы үстімен жүреді. Жаңа пойыз Қызылорда облысының солтүстігінде орналасқан 65 станция арқылы өтеді. Енді қызылордалықтар Сарыарқа өлкесіне бір тәулік ішінде пойызбен тікелей бара алады.
    - Елбасы бастамасымен темір жол, көлік жолдары құрылыстарының жүргізілуі мемлекетіміздің, қала берді облыстардың бірі-бірімен сауда-саттығын, барыс-келісін, алыс-берісін, экономикалық байланыстарын нығайтып, халықтың тұрмысын түзейтін болады. «Қызылорда – Жезқазған» пойызының қатынауы Наурыз қарсаңында Сыр жұртшылығы ғана емес екі арадағы қаншама халық үшін шын мәнінде үлкен сый болды, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
    Жаңа жолаушылар пойызы 5 вагоннан тұрады. Билеттердің де бағасы тиімді. Мәселен, жолаушы Баян Әлімова бұрын Жезқазғанға автобус арқылы қатынаған. Ол темір жолдың тиімді тұстары көп екендігін айтады.
    – Әсіресе, қысты күндері қиналатынбыз. Жезқазғанның жолы қауіптірек болатын. Енді бұл қиыншылықтар артта қалды. Енді пойызбен еш уайымсыз Жезқазғанға қатынайтын болдық, - дейді жолаушы Баян Әлімова.
    Айта кетейік, екі өңір арасындағы байланысты нығайту мақсатында биыл «Қызылорда-Жезқазған» арасындағы жолды асфальттау жұмыстары басталады.

Сондай-ақ... оқыңыз:

Қызылорда-Сексеуіл-Жезқазған бағытында жаңа пойыз қозғалысы іске қосылады

Қызылорда-Сексеуіл-Жезқазған бағытында жаңа пойыз қозғалысы іске қосылады

Наурыздың 15-інен бастап Қызылорда-Сексеуіл-Жезқазған бағытында жаңа пойыз...
Тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытынд ...

Тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытынд ...

15 наурыздан бастап көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру және жолаушыларға сапалы...
«Сырдария» жүрдек пойызы Астанадан Қызылордаға күнара қатынайтын болады

«Сырдария» жүрдек пойызы Астанадан Қызылордаға күнара қатынайтын болады

Көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2015 жылдың 25 сә...
«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді

«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Астана-Қызылорда» ...
«Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдары пайдалануға берілді

«Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдары пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2012 жылдың 3 шілдесі күні өткен Жалпыұлттық ...
ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Сәрсенбіде облыс орталығынан «Қызылорда-Семей» және кері бағытқа қатынайтын қосымша...
Пікір: