Әріптесіміздің мақаласы үздік деп танылды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 20 декабрь 2013 ж. - 11:04 | Көрудің саны: 357
Әріптесіміздің мақаласы үздік деп танылдыҮстiмiздегi жылдың шiлде айында "Даму" кәсiпкерлiктi дамыту қоры Қазақстандағы кәсiпкерлiк тақырыбы аясында ең үздiк материалдарға конкурс жариялаған болатын. "Қазақстанның кәсiпкерлiк БАҚ назарында" атты атауға ие болған конкурста сегiз номинация белгiлендi. Конкурсқа елiмiздiң өңiрлерiнен түскен 70-ке жуық жұмыс сарапшылар талқысынан өттi.
Жақында Алматы қаласында конкурс жеңiмпаздарын марапаттау салтанаты өтiп, "Сыр бойы" газетiнiң тiлшiсi Ыдырыс Тұрлығұловтың үздiктер қатарынан көрiндi. Оның байқауға ұсынған "Қызылорданың қызыл миясы қыруар пайданың көзi" атты мақаласы қазақ тiлiндегi ең үздiк материал деп танылып, әрiптесiмiз 250 мың теңгеге ие болды. Бiрақ, осыдан 4 ай бұрын көлiк апатынан жарақат алған дәрiгерлер бақылауында жүргендiктен бұл салтанатты шараға қатыса алмады. Басылым мерейiн асырған Ы.Тұрлығұловтың биылғы жылы журналистер мерекесiнде "Қазақ тiлдi басылымдар бойынша үздiк сараптамашы" номинациясын иеленiп, облыс әкiмi Қырымбек Көшербаевтың қолынан арнайы сертификат пен бағалы сыйлық алғанын еске салып кеткiмiз келедi.

Сондай-ақ... оқыңыз:

ЕҢ ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛДІ МЕКЕМЕ

ЕҢ ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛДІ МЕКЕМЕ

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Ең үздік қазақ...
Мемлекеттік қызмет ережелері түсіндірілді

Мемлекеттік қызмет ережелері түсіндірілді

Шиелі. Аудан әкiмдігінде "Бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс...
ҚҰРМЕТТІ ӨНЕРСҮЙЕР ҚАУЫМ!

ҚҰРМЕТТІ ӨНЕРСҮЙЕР ҚАУЫМ!

«Сыр елі – жыр елі» демекші, Сыр сүлейлерінің заңды жалғастырушылары  жастар....
«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!»

«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!»

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2013...
Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз

Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз

Қызылорда. Үстіміздегі жылы тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында...
ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

«Сыр бойы» газетінің 2013 жылдың 24 қыркүйегінде аталмыш басылымның Арал, Қазалы...
Пікір: