Белгілі ұстаздың мерейтойы аталып өтті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 20 декабрь 2013 ж. - 11:17 | Көрудің саны: 452
Жақында Тереңөзек кентінде ұрпақтарға үлгі болып, ұстаздардың ұстазы атанған Ажар Әзқожаеваның 85 жылдық торқалы тойы салтанатты жағдайда аталып өтті.
Ол кісі 1928 жылы Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылында дүние есігін ашады. Елу жыл бойы саналы ғұмырын ұрпақтар үшін сарп еткен Ажар Әзқожаеваның оқу-ағарту саласындағы ересен еңбегі де елеусіз қалған емес. Ажар апай кезіндегі Кеңестер Одағының, бүгінгі ҚР-ның білім беру ісінің үздігі болған. Қазіргі таңда Сырдария ауданының құрметті азаматы, облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер санатына енгізілген.
Салтанатта шарада аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікенов, аудандық мәслихат хатшысы Б.Маншариповтар құттықтау лебіздерін жеткізіп, сый-сыяпаттарын табыс етті. Мұнан соң ауданның белгілі азаматтары Ж.Қонысбаев, Ұ.Жаналиева, А.Бақтиярова, Б.Мақашов, Ж.Ерманов, Жалағаш ауданының прокуроры Х.Жұмағұловалар сөз алып, той иесіне деген өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Сондай-ақ... оқыңыз:

КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ – МАРАПАТ

КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ – МАРАПАТ

Қызылорда облыстық прокуратурасында «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы күні»...
САЙЛАУ ІСІНІҢ АКАДЕИМГІ

САЙЛАУ ІСІНІҢ АКАДЕИМГІ

Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне ересен еңбек етіп жүрген ағаларымыз аз емес. Солардың...
БЕЛГІЛІ АЗАМАТҚА ҚҰРМЕТ

БЕЛГІЛІ АЗАМАТҚА ҚҰРМЕТ

Осы аптаның бейсенбісінде облыс әкімдігінде белгілі азамат, еңбек ардагері Қорғанбек...
ТОҚШЫЛЫҚ ТОЙЫ

ТОҚШЫЛЫҚ ТОЙЫ

Берекелі де мерекелі алтын күз келіп, Сыр аймағы молшылықтың торқалы тойына кенелуде....
КҮЛКІМІЗДІ КӨБЕЙТЕ БЕР

КҮЛКІМІЗДІ КӨБЕЙТЕ БЕР

Өткен дүйсенбі күні Шиелі ауданының жұртшылығы сатирик-жазушы, белгілі журналист...
ЕҢБЕГІ ЕЛГЕ ЕЛЕУЛІ

ЕҢБЕГІ ЕЛГЕ ЕЛЕУЛІ

Сырдария аудандық әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Социалистік Еңбек...
Пікір: