Ауданның құрметті азаматы атанды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 20 желтоқсан 2013 ж. - 11:24 | Көрудің саны: 608

Жақында бір топ азаматтар «Арал ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Бұл марапатты аудан әкімі Мархабат Жайымбетов салтанатты жағдайда табыс етті.
Кезінде ұзақ жылдар бойы қалалық көпсалалы кәсіпорында қызмет атқарған Тұрсын Сейіткереев, Арал ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қазалы ауданы әкімі болған, қазір облыстық жылжымайтын мүлік орталығының директоры Болатбек Пұсырманов, облыс әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласының әкімі болған, бүгінгі күні «Арал салынып жатқан кәсіпорындар бірлескен дирекциясы» филиалының директоры Имамадин Оңғарбаев осындай құрметке бөленді.
Осындай марапат Сырдария ауданында да жасалды. Олардың қатарында «Сырдария ауданының құрметті азаматы» атағына оқу-ағарту, партия қызметтерінде жемісті еңбек еткен Рақымжан Бәйменов, қарымды қаламгер Мұхтар Сақтапов, майталман малшы Әбілжаппар Сырлыбаев, Кеңес одағы Жоғарғы кеңесіне екі мәрте депутат болып сайланған Бексұлу Синаева, күріш бригадирі, «Еңбек Қызыл ту» орденінің иегері Райкүл Жалғасбаева бар.  


Сондай-ақ... оқыңыз:

Белгілі ұстаздың мерейтойы аталып өтті

Белгілі ұстаздың мерейтойы аталып өтті

Жақында Тереңөзек кентінде ұрпақтарға үлгі болып, ұстаздардың ұстазы атанған Ажар...
ЖАНҚОЖАДАҒЫ ЖАҢА ЕМХАНА

ЖАНҚОЖАДАҒЫ ЖАҢА ЕМХАНА

Қазалы ауданының Жанқожа ауылында жаңа емхана есік ашты. Облыс әкімінің орынбасары...
КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛДЫ

КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛДЫ

Арал ауданында Тұңғыш Президент күні кең көлемде аталып өтілді. Спорт кешенінде...
СЕНАТОРЛАР СЫР БОЙЫНДА

СЕНАТОРЛАР СЫР БОЙЫНДА

Арал ауданында ҚР Парламент сенатының депутаттары Қожахмет Баймаханов пен Мұрат...
БЕЛГІЛІ АЗАМАТҚА ҚҰРМЕТ

БЕЛГІЛІ АЗАМАТҚА ҚҰРМЕТ

Осы аптаның бейсенбісінде облыс әкімдігінде белгілі азамат, еңбек ардагері Қорғанбек...
ЕҢБЕГІ ЕЛГЕ ЕЛЕУЛІ

ЕҢБЕГІ ЕЛГЕ ЕЛЕУЛІ

Сырдария аудандық әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Социалистік Еңбек...
Пікір: