Жыл басынан бері облысымызда 23 адам суға кеткен

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 02 тамыз 2016 ж. - 12:11 | Көрудің саны: 55
Жыл басынан бері облысымызда 23 адам суға кеткенЖыл басынан бері облысымызда 23 адам (10 бала), ал өткен жылы 36 адам (12 бала) суға кеткен. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Марат Қобландиев хабарлады.
    - Көбіне көпшілік суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылады. Сонымен қатар балық аулау уақытында құтқару киімдерін кимейді. Спирттік ішімдік ішіп, белгіленбеген жерде суға түсіп қана қоймай, қауіпсіздік шараларының сақталмауынан қайғылы жағдайға соғып жатады. Сондықтан қауіпсіздік шараларын түсіндіріп рейд те жасап жатырмыз, теледидар және басқа да БАҚ өкілдері арқылы ескерту жасалып жатқанмен нәтиже көрінбейді, - деді М.Қобландиев.
    - Облысымызда арнайы суға түсуге рұқсат етілген жерлер екеу ғана, Бәйгеқұм және Арай мөлтек ауданындағы жағажайлар. Ал Қамбаш көлі демалыс орны болып бекітілгенмен суға түсуге рұқсат берілмеген. Сондықтан суға түсер кезде ата-аналарға мұқият болуға ескертеміз, - деді ОӨАЖҚЖ ММ бастығының міндетін атқарушы Тілеген Қойшығараев.
    Айта кету керек, төтенше жағдайлар департаментінде кадр жетіспеушілігі жоқ. Облысымызда 73 құтқарушы бар. Құтқарушылардың негізгі базасы Қызылорда қаласында болғандықтан құтқарушылармен Қызылорда қаласы аумағы мен Арал ауданындағы Қамбаш демалыс орны қамтылған.

Сондай-ақ... оқыңыз:

БИЫЛ ОБЛЫСЫМЫЗДА 8 БАЛА СУҒА КЕТТІ

БИЫЛ ОБЛЫСЫМЫЗДА 8 БАЛА СУҒА КЕТТІ

Биыл жыл басынан бері облысымызда 25 адам, оның ішінде 8 бала суға кетті. Бұл...
Қызылорда облысында жыл басынан бері 14 адам суға кетті

Қызылорда облысында жыл басынан бері 14 адам суға кетті

Дарияның басында қашанда дамыл жоқ. Ағыны қатты өзен жас пен кәр...
Қызылорда облысында суға шомылу маусымы басталмай жатып 8 адам суға кеткен

Қызылорда облысында суға шомылу маусымы басталмай жатып 8 адам суға кеткен

Суға түсу маусымы басталуына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілмек...
Биыл 18 адам судан құтқарылды

Биыл 18 адам судан құтқарылды

Жыл басынан бері облыс көлемінде суда орын алған 22 төтенше оқиғада 24 адамның қаза...
Суға кету көрсеткіші 12 пайызға азайды

Суға кету көрсеткіші 12 пайызға азайды

Бүгін, 21 шілдеде облыс әкімінің аппарат мәжілісінде жаз маусымында суға шомылудың...
Суға түсу орындарында рейдтер жүргізілді

Суға түсу орындарында рейдтер жүргізілді

Облыс су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық...
Пікір: