7 медициналық мекемеге – жаңа жабдықтар

7 медициналық мекемеге – жаңа жабдықтар«Аяла» қайырымдылық қоры Қызылорда облысының аудандарында «Өмір сыйлайық» жобасын жүзеге асыра бастады. Қор тарапынан бүгін 7 медициналық мекемеге жаңа құрал-жабдықтар табысталды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 
Қайырымдылық шарасына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысып, қор өкілдерін алғыс білдірді. Қор өкілі Берік Даржанов өз мақсаттарын баяндай келе, емдеу мекемелеріне медициналық құрал-жабдықтарын табыс етті. 
Айта кетейік, «Өмір сыйлайық» жобасы еліміздегі балалар ауруханаларының жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуге арналған. Жоба 2007 жылы басталды. Ол кезде қор Алматы қаласының қалалық жұқпалы балалар ауруханасының (БҚКЖА) жан сақтау бөлімшесіне медициналық жабдық алып берді. Қызылорда облысында алғаш рет іске асырылып отыр. 
Сыйға тартылған жабдықтар балалар өлімін төмендетуге мүмкіндік береді, нәрестелерге және бір жастағы балаларға медициналық көмек көрсетуді қолжетімді етеді деген үміт бар. Бұдан басқа, қор болашақта облысқа Литва неонатологтарының келуін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жетекші мамандар семинарлар өткізіп, қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қыркүйек 2016 г. 391 0