Спортшыларды қолдауға көңіл бөлініп отыр

Шиелі. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев "Жас спортшыларымызға барлық жағдайды жасау қажет. Сонда ғана осындай жеңісті сәттер көп болады" деді Татарстаннан қола жүлде алып келген Райымбек Рантаевты қабылдаған кезде жүрекжарды лебізін білдіріп.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметі шиелілік спортшы Татарстанда өткен татар халқының ұлттық белбеу күресінен олжалы оралғанын жеткізіп отыр. Аудан әкімі Райымбектен өзге осы жарыста 5 орынды иеленген Бекжан Төлеповпен де кездесті. Қос спортшымен кездесу барысында аудан басшысы жас спортшыларға биыл аудандық бюджеттен 10 млн. теңге қаржылай қолдау көрсетілгенін айтты. Одан өзге Мұрат Нәлқожаұлы кәсіпкерлер тарапынан да спортшыларға барынша қолдау жасалалып жатқандығын жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2013 г. 408 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031