Элизабет Тұрсынбаева шеберлік дәрісін өткізді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 23 декабрь 2013 ж. - 17:45 | Көрудің саны: 770
 Элизабет Тұрсынбаева шеберлік дәрісін өткізді  Қызылорда. Мәнерлеп сырғанаудан әлемдік Гран-при додасының күміс жүлдегері, Қазақстан біріншілігінің 3 дүркін чемпионы Элизабет Тұрсынбаева Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде өнер көрсетіп, қызылордалық жасөспірімдерге  өзінің  шеберлігін паш етті. Бұл оның Сыр өңірі жастарымен алғашқы кездесуі болып табылады.
Оның өнеріне тамсанған көпшілік әрбір әдіс-тәсіліне қошеметін аямай, спортшыға қолдау беріп отырды. Ол осыған дейін халықаралық байрақты бәсекелерде топ жарып, Қазақстанды  әлемге танытып, абыройымызды асқақтатып келеді. Әзірге ең айтулы жетістігі – биыл Белоруссия астанасы Минскте өткен әлемдік Гран-приінің күміс жүлдесі саналады. Келесі жылдың наурыз айында ол Болгарияда  болатын жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына  және Әлемдік Гран-при додасында бақ сынайтын болады.
Сонымен қатар, шара барысында «Мұз айдыны» спорт кешенінде жаттығатын спортшылар мұз үстінде  бірнеше көріністер қойды. Ұйымдастырылған спорттық шараның маңыздылығы осы спорт түрін жас өскіндерге насихаттау болса, екінші жағынан салауатты өмір салтын ұстанушылар мен болашақ спортшылар үшін үлкен қадам болды.

Сондай-ақ... оқыңыз:

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ  МЕРЕКЕСІ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

«Мұз айдыны» спорт кешенінде республикалық «Ризашылық» қайырымдылық мерекесі болып...
YЗДІК СПОРТШЫЛАРҒА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ БЕРІЛДІ

YЗДІК СПОРТШЫЛАРҒА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ БЕРІЛДІ

Өткен аптаның сенбісінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауыр атлетикадан 2013 жылғы...
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІСПЕН ОРАЛДЫ

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІСПЕН ОРАЛДЫ

Малайзия астанасы – Куала-Лумпур қаласында пауэрлифтингтен мүмкіндігі шектеулі...
ОЛИМПИАДАҒА АЛҒАШҚЫ САПАР

ОЛИМПИАДАҒА АЛҒАШҚЫ САПАР

Барша қызылордалықтарға қуанышты хабарды жеткізуге асықтық. Айдынды Аралдың 14...
ЖАРЫСТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

ЖАРЫСТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Мәнерлеп сырғанау. Белоруссия астанасы Минск қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан...
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

Қызылорда қаласында бокстан Қазақстан астаналары болған төрт қала өкілдерінің...
Пікір: