Шалғай ауылға автобус қатынайтын болды

Шалғай ауылға автобус қатынайтын болды   Қазалы. Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен шалғай жатқан ауылдар бар. Аталмыш елді мекен тұрғындары аудан орталығына келіп-кетуге қиналып жүрген еді.
Осындай ауылдың бірі – Ажар. Ол Әйтеке би кентінен 180 шақырым жерде орын тепкен. Бүгінгі күнге дейін шалғайдағы ауыл тұрғындарының қалаға келуі мұң болатын. Себебі, жол алыс, ал, автобус табысы өзін-өзі ақтамайды. Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан әкімі Бақыт Жақанов осыны ескеріп, тасымалдау шығынын жабу үшін бюджеттен арнайы қаржы бөлгізді. Қазір «Кәукей –Ажар» бағытында  аптасына екі рет ПАЗ маркалыавтобус қатынайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 желтоксан 2013 г. 365 0