Түтінге уланып, қайтыс болғандар көбейді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 25 декабрь 2013 ж. - 16:21 | Көрудің саны: 364
 Түтінге уланып, қайтыс болғандар көбейді   Биылғы жылы жалпы 442 өрт оқиғасы тіркелсе, аталған өрттен 9 адам қайтыс болған, оның ішінде 2 кәмелет жасына толмаған балалар да бар.
   Бұдан бөлек, жылу маусымы басталғалы, яғни 15 қазаннан бастап бүгінгі күнге облыс көлемінде көмір қышқыл газымен уланудың 11 дерегі тіркеліп, онымен 36 адам зардап шексе, оның ішінде 14-і кәмелетке жасы толмағандар. Ал 1 адам қайтыс болды. Үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында Қызылорда қаласында орын алған кәмелет жасына толмаған 3 бірдей баланың көмір қышқыл газымен уланып, аурухана түскен. Ал 16 желтоқсанда. Шиелі ауданында 1 азаматшаның пештің ақауынан газбен уланып,  соның салдарынан қайтыс болды.
   Облыстық прокуратураның таратқан мәліметіне сүйенсек, жыл сайын қыс мезгілі келіп, жылу маусымы басталған кезде тек қана облыс көлемінде ғана емес жалпы республика көлемінде өрт оқиғалары жайлы мәліметтер көптеп тіркеліп, орын алса, сонымен қатар, көмір қышқыл газымен улану жағдайлары да адам өліміне әкеліп соғуда. Аталған жағдайдың барлығы да жай ғана өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр. Осыған орай, облыстық прокуратурада облыс прокурорының орынбасары Р. Райхановтың төрғалық етуімен жедел мәжіліс өткізілді. Аталмыш мәжіліске облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қатысты. Өткізілген жедел мәжілістің қорытындысымен төтенше жағдайлар департаменті жалпы тұрғындар, халық көп шоғырланатын ғимараттардың егелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде жылу жүйелерін жөндеу, жылу жүйелерінің түтін жолдарын тазалау сияқты жұмыстары жүргізу қажеттігі жайлы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, ресми сайттарда түсіндірме жұмыстарын орналастыру, жергілікті атқарушы органмен бірлесіп бейнероликтер дайындау, билбордтар мен таблолар жасақтап қаланың көрнекті жерлерін ілу сияқты жұмыстар атқару қажет екені айтылды.

Сондай-ақ... оқыңыз:

Плита құлауынан жұмысшы қаза болды

Плита құлауынан жұмысшы қаза болды

Қызылорда. Кеше, 22 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы жылу беру орнының бірінде...
«ҚЫС – 2013» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ

«ҚЫС – 2013» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ

Қаһарлы қыста орын алуы мүмкін табиғи немесе өндірістік апаттардың алдын алу мақсаты...
САҚТАНСАҢ, САҚТАРМЫН ДЕГЕН...

САҚТАНСАҢ, САҚТАРМЫН ДЕГЕН...

Жақында баспасөз клубында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының...
Өрт шығыны – 133 млн. теңге

Өрт шығыны – 133 млн. теңге

Қызылорда.Үстіміздегі жылдың 10 айында облыс көлемінде 390 өрт оқиғасы тіркеліп,...
Он айда 400-ге жуық өрт тіркелген

Он айда 400-ге жуық өрт тіркелген

Қызылорда. Үстіміздегі жылдың 10 айында облыс көлемінде 390 өрт оқиғасы тіркеліп,...
МАУСЫМҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

МАУСЫМҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

Алдағы жылу маусымына «Қызылордажылуэлектрорталығы» коммуналдық кәсіпорны бірқатар...
Пікір: