Шиеліде дәрігерлік амбулатория ашылды

  Шиеліде дәрігерлік амбулатория ашылды   Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылында жаңадан дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлайды.
 Бұған дейін болмаған лабораториялық, физиотерапиялық көмекті енді ауыл тұрғындары ауданға бармай осы жерден алуға қол жеткізді. Одан өзге күндізгі стационар төсектері жұмыс істейді. Шара барысында аудан басшысы Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйлеп, лента қию рәсіміне қатысты. Сондай ақ, дәрігерлік амбулаторияның басшысына нысанның символикалық кілті тапсырылды.
 Шиеліде дәрігерлік амбулатория ашылды
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 желтоксан 2013 г. 637 0