Көшелер жөнделіп, құрылыс қарқынды болды

Көшелер жөнделіп, құрылыс қарқынды болды  Шиелі ауданына 2013 жыл нәтижелі болды. Көптеген игілікті істер жүзеге асты. Аудан әкімдігі баспасөз қызметі бізге осылайша мәлім етті.
  Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың айтуынша, аудандағы ауылдардың 35 көшесі, кенттің 16 көшесі асфальтталды. Құрылыс саласы бойынша 6 мыңнан астам жоба  жүзеге асты. Нақты мысал келтірер болсақ бір ғана спорт саласының өзіне бюджеттен 20 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Спорт клубы, шағын 10 шағын спорт алаңдары ашылды. Аудандағы үздік 10 спортшыға арнайы степендия тағайындалды. Одан бөлек 4 мектеп, 13 жеке бала бақша, 2 дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл деректерді аудан басшысы аудандық мәслихаттың XXY сессиясында мәлімдеді. Сонымен қатар, отырыста алдығы үш жылға арналған бюджет қаражаты бекітілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 желтоксан 2013 г. 400 0