Қараөзекке ауыз су жүйесі тартылды

Қараөзекке ауыз су жүйесі тартылды   Қызылорда. Қалаға қарасты Қараөзек ауылына ауыз су жүйесі тартылып, тұрғындар қуанышқа бөленді.
Қараөзек ауылында 2000-нан астам адам тұрады. Қараөзектіктер үшін ауыз су мәселесі бүгінгі күнге дейін аса өзекті болып келді. Себебі Қараөзекте 1984 жылы жүргізілген су жүйелері бүгінде тозды. Колонкаларда судың дұрыс ақпай, қыс мезгілінде су трассаларының жиі жарылуы тұрғындарға қиындық тудырып келген болатын. Міне ауыз су жүйесі тұрғындардың үйіне дейін жеткізіліп, әр отбасына су есептегіш құралдарына дейін орнатылды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыз судың іске қосылуымен және алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Үстіміздегі жылы бюджеттен бөлінген 318 млн. теңгеге қалаға қарасты   Тасбөгет, Белкөл кенті мен Қызылөзек ауылдық округінде 32,9 шақырым ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, 641 отбасына су есептегіш құралдары орнатылды. Биыл қаланың инженерлік-инфрақұрылымын дамытуға 1 млрд. 315 млн.теңге бөлінді. Бұл қаржыға 12 мың отбасы қоныстанған 7 тұрғын ауданда 70,8 шақырым ауыз су, 1,1 шақырым электр желілері құрылысы салынып, 4 тұрғын аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік жүйелері, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млрд. 984 млн. теңге қаржы бөлініп, 13 шақырым ауыз су және 4,6 шақырым кәріз су жүйелері қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, 16 дана су бұрғылау ұңғымалары бұрғыланды. 



 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2013 г. 636 0