Облыста үшінші нейроинсульт орталығы ашылды

Облыста үшінші нейроинсульт орталығы ашылдыЖүрек-қан тамырлары аурулары бойынша жол картасы бағдарламасы аясында 140 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынды. Жыл басынан бері инсульт пен инфаркт кезінде медициналық көмек көрсету мақсатында 1000-нан аса медицина қызметкерлері оқыту курстарынан өтті. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады. 
- Қан айналым жүйесі ауруларының асқынуын ерте анықтау үшін облыс бойынша алғаш рет жоғары қауіп тобына жататын қан қысымы мен ми қан тамырларының ауруымен ауыратындарға функционалды зерттеу жүргізетін тәуекел тобы жасақталды. Барлық аудандарда ультрадыбыстық зерттеу мамандарының арасында шеберлік сабақтары өткізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 287 науқас жоспарлы түрде коронографияға жіберілді және оның 18%-на стенттеу жүргізілді. 2000-нан астам жүрек пен  бас миының тамырларына ота жасалып, былтырғы жылмен салыстырғанда  ота жасау көлемі 15%-ға өскен,- деді Ақмарал Әлназарова. 
Аймақтың арақашықтығы ескеріле отырып, ағымдағы жылдың ақпан айында Қазалы теміржол ауруханасының базасында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындары үшін үшінші ауданаралық нейроинсульт орталығы ашылды. 
Сәуір айынан бастап Қазалы аудандық орталық ауруханасының базасында инсульт ауруымен ауыратындарды кеш оңалтуды жүргізу бөлімі, сондай-ақ №3 қалалық емхананың базасында инсультпен ауырған науқастарға кеш оңалтуды жүргізу мақсатында нейрореабилитациялық орталық ашылды. 
Нәтижесінде қан айналым жүйесі ауруынан көз жұму көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 11,3 пайызға төмендеген. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 желтоксан 2016 г. 306 0