Үздік спортшылар анықталды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 27 декабрь 2013 ж. - 17:11 | Көрудің саны: 858
Қызылорда. Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Алмас Өтешов, елімізде дзюдодан  жасөспірімдер арасында тұңғыш әлем чемпионы атанған балуан Бауыржан Жауынтаев, еркін күрестен  әлем және Азия, чемпионатарының қола жүлдегері  Дәулет Ниязбековтер «Жылдың үздік спортшылары» атанды.
Үстіміздегі жылы Польшада өткен әлем чемпионатында А. Өтешовтің жүлдегер атануына үлкен үлес қосқан ауыр атлетикдан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ержас Болтаев «Жылдың үздік бапкері» атағына лайықты деп танылды. Сондай-ақ, осындай құрметке  дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы, Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың дзюдо бөлімшесінде қызмет атқаратын маман Қален Қалиұлы да ие болды. Ол Б.Жауынтаевтың жеке бапкері саналады. Сонымен қатар, көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Сырдария» клубының директоры Сұлтанбек Қобландиннің еңбегі де жоғары бағаланды. 
 
Үздік спортшылар анықталды 
 
Үздік спортшылар анықталды
 
Үздік спортшылар анықталды

Сондай-ақ... оқыңыз:

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІСПЕН ОРАЛДЫ

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІСПЕН ОРАЛДЫ

Малайзия астанасы – Куала-Лумпур қаласында пауэрлифтингтен мүмкіндігі шектеулі...
Алмас Өтешовке құрмет көрсетілді

Алмас Өтешовке құрмет көрсетілді

Жаңақорған. Жергілікті жұртшылық Польшаның Вроцлав қаласында өткен ауыр атлетикадан...
АЛМАС ӨТЕШОВ – КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

АЛМАС ӨТЕШОВ – КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

Польшаның Вроцлав қаласынан жеткен жағымды жаңалық Қызылорда жұртшылығын желпіндіріп...
Әлем чемпионатынан олжалы оралды

Әлем чемпионатынан олжалы оралды

Қызылорда. Грекияның Салоники қаласында өткен самбодан жастар мен жасөспірімдер...
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

Қызылорда қаласында бокстан Қазақстан астаналары болған төрт қала өкілдерінің...
Илья әлем чемпионатында бапкер болады

Илья әлем чемпионатында бапкер болады

Үстіміздегі жылдың 19-27 қазаны аралығында Польшаның Вроцлав қаласында ауыр...
Пікір: