Басқармада жаңа басшы

Басқармада жаңа басшыҚызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімімен Медет Усаин Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. 
Медет Усаинұлы 1987 жылы туған. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Көлік техникасы және технологиясы», сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы ретінде бастаған. 2011-2012 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының инспекторы. 2012-2013 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы. 2013-2015 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика және газ инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы. 2015 жылдың мамыр айынан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2016 г. 684 0