«Ару көктем» конкурсы

48084

0

«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ.

Кимешек, жаулық, қамзол, тақия – қазақ қыздарының бас киімдері. Қазақтың ұлттық киімдері қашаннан әспетті материал, түрлі пішімдерімен ерекшеленеді. Қазір қазақ қоғамында ұлттық нақыштағы киімдерді кию сәнге айналып келеді. Осы ретте, облыстық «Syrboyi.kz» ақпараттық агенттігінің мұрындық болуымен оқырмандар арасында «Ару көктем» фото конкурсын өткізгелі отырмыз.

Қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа облыстың барлық оқырмандары қатыса алады.

Ата дәстүрдің қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінің жұртшылығы үшін ұлттық киімді киіп жүру таңсық емес. Той-жиындарда әжелер, аналар, қыз-келіншектер кәжекей, қамзолын тастамайды. Десек те салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған конкурсымыздың жеңімпазын сіздер таңдайтын боласыздар, оқырман!

Дауыс беру тетігі төменде орналасқан.

Садуова Айнұр Әмірбекқызы 1977 жылы 5 қазанда Сырдария ауданында дүниеге келген. №37 мектеп-лицейі директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары.

– Бала кезімнен ұстаз болуды арман етіп, 1992 жылы 9-сыныпты бітіріп, Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық колледжді бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша білім алып, әрі қарай жоғарғы оқу орнын тәмамдадым. Осы арман еткен мамандығыммен өзім түлеп ұшқан мектебімде жұмыс жасап жүрмін. Қазіргі таңда өз ауылымда қызмет атқарамын. Алтын асықтай екі ұлдың анасымын. Салт-дәстүрімізді дәріптеуге де үлес қосқым келеді. Конкурс қатысушыларына сәттілік тілеймін, – дейді ол.

Жүкекова Ләйла Нажматқызы 1983 жылы 8 мамырда Жалағаш ауданында дүниеге келген.

2000 жылы Сырдария ауданындағы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы орта мектепті тәмамдап, Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына грантқа түседі.

2007 жылы Шаған ауылына тұрмысқа шығып, Сырдария аудандық емханасына жалпы тәжірибелі дәрігер қызметіне кіріседі.

Ләйла отбасылы, копбалалы ана. Асықтай төрт ұлдың анасы. Әулетінің ұйытқысы. Білікті дәрігер.

Асқарова Жұлдыз Ғалымжанқызы 1986 жылы 4 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Отбасындағы ұстаздық династияны берік ұстап, 2001 жылы мектепті үздік бітіріп, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің бастауыш мамандығына түскен. Оқу орнын үздік тәмамдап, жоғары оқу орнында оқып, өзі түлеп ұшқан оқу ордасында оқытушылық қызметінен бастаған. Ғасырға жуық тарихы бар оқу орнында оқытушы, бастауыш педагогикасы бөлімінің меңгерушісі, оқу-әдістемелік бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

«Қазіргі таңда С.Лапин атындағы №261 мектепте директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары болып қызмет атқарамын. Педагогика ғылымдарының магистрімін. Отбасылы, үш перзенттің анасымын. Ұлттық құндылығымызды дәріптейтін конкурсқа сәттілік тілеймін», – дейді Жұлдыз.

Тохабаева Ақмарал Төреахметқызы 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

«Мұғалім болу балауса арманым болатын. Сол арман жетегінде «Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша оқу бітіріп, Сералы Лапин атындағы №261 орта мектептен еңбек жолымды бастадым.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жас ұрпақ өзге тілді жетік меңгеріп, өз тілін құрметтесе, ұлт игілігі артады деп сенім білдірген болатын. Мемлекет басшысының пайымды пікірі маған серпін бергендей. Оқушыларымның алдымен ана тіліне деген құрметін арттырып, сонан соң ағылшын тілінде жетік білуіне білім-білігімді жұмсап, тіл-танымын дамытуға үлес қосып  келемін. Ағылшын тілін жақсы игерген баланың өз елінде ғана емес, шет елдерде өз ойын тосылмай айтып, байланыс жасауына мүмкіндігі мол. Бұл ғасыр – «Білектінің емес, біліктінің заманы». Сондықтан жас ұрпақ бойын тәрбие-біліммен сусындатып, адамгершілік құндылықтарымен толықтыру – педагогтың басты міндеті деп білемін», – дейді ол.

Жебегенова Аида Нұралықызы 1991 жылы 14 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген.

2012 жылы Қызылорда облысына тұрмысқа шыққан. Қазіргі таңда төрт баланың анасы. Екінші жоғары мамандығы бойынша «Шөмекей Жас-Нұр» жеке бөбекжай балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасайды.

Бердібай Ақерке Мирамбекқызы 1993 жылы 30 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

1999-2004 жылы №170 орта мектепте, 2005-2010 жылы Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектепте оқып, білім алған.

– 2010 жылы мектепті үздік бітіріп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа түстім. 2010-2014 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетінде туризм мамандығын игердім.

2015 жылдың мамыр айынан бастап, Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінде ғылыми қызметкер болып қызмет атқарудамын. Жанұялымын. Отбасымда жолдасым екеуміз екі бала тәрбиелеп отырмыз, – дейді Ақерке.

Ералы Балжан Мырзалықызы 2007 жылдың 10 қазанында ұстаздар әулетінде дүниеге келген.

Балжан Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында №41 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы. Ауылдық би үйірмесінің мүшесі.

– Бос уақытымды кітап оқуға, білімімді шыңдауға арнағанды ұнатамын. Оқуда озат оқушымын. Жан-жақтылығымның арқасында түрлі жарыстардың жүлдегері атанғанмын. Бастауыш сыныбымнан ғылыми жобалар, олимпиадалардың 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен марапатталып келемін. Болашақта журналистика мамандығына түсуді алдыма мақсат етіп қоюдамын, – дейді Балжан.

Аманбаева Айару Нұрболқызы 2010 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

– Атам мен әжемнің, әкем мен анамның еркелетіп, мәпелеп өсірген қазақтың қызымын. Қазіргі таңда Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебінің 7-сынып оқушысымын. 6 жасымнан бастап, қаладағы М.Қалауов атындағы «Өнер» мектебінің «Хореография» сыныбында білікті оқытушылардан бидің қыр-сырын меңгеріп, түрлі халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы болып келемін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиаданың қалалық, облыстық кезеңдерінің және ғылыми жобалар байқауының жүлдегері болып, нәтижесінде «Балдәурен» жаздық лагеріне барып уақытты қызықты өткіздім. М.Мақатаев сынды ақындар шығармашылығына арналған мәнерлеп оқу сайыстарына да үздіксіз қатысамын. Тәуелсіз елдің еркін ұланы ретінде арманым асқақ. Қазақ елін бар әлемге таныту – басты арманым, – дейді Айару.

Кенжебек Айару Нұрлыбекқызы Қызылорда қаласында 2012 жылы 29 қаңтарда дүниеге есігін ашқан.

С.Лапин атындағы №261 орта мектептің 5 «Б» сынып оқушысы. Үйдің үлкені, екі інісі бар.

Әл фараби мөлтек ауданында орналасқан С.Лапин атындағы №261 орта мектептің 5-сынып оқушысы. Сыныпта үздік, алғыр, белсенді. Математика пәнін жақсы көреді. Барлығына қамқорлық көрсетіп, қайырымдылық жасап жүреді.

Көктем аруын бірге таңдайық!
  • Жүкекова Ләйла Нажматқызы 32%, 2614 дауыс
    2614 дауыс 32%
    Барлық дауыстардың 2614 дауыс - 32%
  • Садуова Айнұр Әмірбекқызы 26%, 2088 дауыс
    2088 дауыс 26%
    Барлық дауыстардың 2088 дауыс - 26%
  • Аманбаева Айару Нұрболқызы 12%, 991 дауыс
    991 дауыс 12%
    Барлық дауыстардың 991 дауыс - 12%
  • Кенжебек Айару Нұрлыбекқызы 7%, 533 дауыс
    533 дауыс 7%
    Барлық дауыстардың 533 дауыс - 7%
  • Бердібай Ақерке Мирамбекқызы 6%, 466 дауыс
    466 дауыс 6%
    Барлық дауыстардың 466 дауыс - 6%
  • Ералы Балжан Мырзалықызы 6%, 460 дауыс
    460 дауыс 6%
    Барлық дауыстардың 460 дауыс - 6%
  • Асқарова Жұлдыз Ғалымжанқызы 5%, 387 дауыс
    387 дауыс 5%
    Барлық дауыстардың 387 дауыс - 5%
  • Тохабаева Ақмарал Төреахметқызы 5%, 371 дауыс
    371 дауыс 5%
    Барлық дауыстардың 371 дауыс - 5%
  • Жебегенова Аида Нұралықызы 3%, 247 дауыс
    247 дауыс 3%
    Барлық дауыстардың 247 дауыс - 3%
Барлық берілген дауыстар: 8157
14.03.2023 - 22.03.2023
Сауалнама жабық

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<