Қала әкімі әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлерін қабылдады

998

0

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдық мерейтойына орай мерекелік қабылдау ұйымдастырды.

Мерекелік шараға Қызылорда қаласында орналасқан барлық әскери және құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

–  Осыдан 30 жыл бұрын еліміздің тарихында алғаш рет тұрақты әскер құрылды. Бұл біздің еліміздің елдігінің, Тәуелсіздігіміз бен теңдігіміздің бекіген күні деп саналады. Біздің Отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Елінің ертеңі үшін аянбай кез келген уақытта Отан қорғауға даяр елінің елжанды ұландарын мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік тілеймін, – деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.

Шара барысында ҚР Қарулы күштер қатарындағы әскерилер және құқық қорғау саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне қала әкімінің марапаты мен арнайы статуэткалар табысталды.