Ақпарат және қоғамдық даму министрі Сыр елінде

2808

0

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Сыр еліне іс сапармен келіп, бағдарлама аясында облыстық Жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты.

Орталық 2019 жылы Сырдарияның сол жағалауында бой көтеріп, бүгінгі күнге дейін аймақ жастарына үздіксіз қызмет етіп келе жатқан бірегей мекеме. Жастар орталығын аралау барысында министр «Мүмкіндіктер алаңымен», 2019 жылы қоғам белсендісі Талғат Меңдібаевтың бастамасымен құрылған «Кітап құрттары» ұйымының жұмысымен танысты. Мұнда ғылымның жаңа жетістігі «ПАЛМЕР-3» автономды генераторын құрастырған жергілікті өнертапқыш Марат Палмахов құрылғының жұмыс істеу барысын көрсетті. Сонымен бірге, министр орталық жанынан құрылған «Ақиқат алаңы» дебат клубының кезекті сайысына куә болып, пәкірсайысшыларға сәттілік тіледі.

– Сыр жастарының бастамашыл және шығармалылық ынталары қуантты. Жастар ресурстық орталығында әртүрлі салалар қамтылған екен. Сыр жастарына арнап түрлі жобаларды қолға алып, іске асыру үшін бірқатар жұмыс атқарылып жатқанына куә болдым. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді министр.

Орталықта жастар шығармашылығын қолдау мақсатында түрлі шаралар мен кештер ұйымдастырылады. Министр орталықтың концерт залында өткен «Бейнепоэзия» кешіне қатысып, аудандық жастар орталықтарының басшыларымен, белсенді жастармен, жас ақындармен және студенттермен танысып, бірге естелік суретке түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<