ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ЖАН-ЖАҚТЫ  ӘЗІРЛІК ЖАСАЛДЫ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ЖАН-ЖАҚТЫ ӘЗІРЛІК ЖАСАЛДЫ

 Балалардың жазғы демалысы жылдағы дәстүр бойынша қала сыртындағы және облыстан тыс аймақтарда орналасқан лагерьлерде, мектеп жанындағы күндізгі тынығу және табиғаттағы шатырлы лагерьлерде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, оқушылар үйлеріндегі дебаттық клубтар мен аула клубтарындағы үйірмелерге және спорттық секцияларға, көркейту-көгалдандыру, құрылыс-жөндеу бригадаларына тарту, тарихи орындарға саяхаттар ұйымдастыру шаралары қамтылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2018 г. 506 0
ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖҮЗДЕСУ

ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖҮЗДЕСУ

 Жақында  Ресейдің Мәскеу қаласында өткен «Адам – Жер – Ғарыш» деп аталатын қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми – зерттеу жобаларының 19-Жалпыресейлік «Созвездие» олимпиадасына қатысып, жеңімпаз болдым. «Созвездие» олимпиадасы экологиялық бағытта ойлайтын, сауатты, эстетикалық талғамды және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс- шараларға ұмтылысы бар тұлға қалыптастыруды мақсат еткен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2018 г. 362 0
ҰБТ:  НӘТИЖЕ УАҚЫТ ЕНШІСІНДЕ

ҰБТ: НӘТИЖЕ УАҚЫТ ЕНШІСІНДЕ

Облыста оқу жылының басынан мектеп бітірушілерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау кешенді түрде жүзеге асырылып келеді. Оның бір көрінісі – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тегін сынама тестілеуден өтуге жергілікті бюджеттерден 18,2 млн теңге қаржы қаралып, қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, облыс көлемінде орналасқан  жыл бойы жұмыс жасайтын лагерьлерде тестілеуге қатысушылардың 94%-і арнайы дайындықтан өткізілді.  Бүгінгі таңда облыстағы 9 тестілеу пункттері ­Ереже талаптарына сәйкес, қажетті құралдармен толық жабдықталған. ҰБТ өткізуге дайын. Әйтсе де, шешуші сынақтың жай-жапсарын жете түсінуде жұрт нені білуі тиіс. Осы орайда облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебековамен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат 26 мамыр 2018 г. 3 485 0
Сол жағалау: Құрылыс сапасы қатаң бақылауда

Сол жағалау: Құрылыс сапасы қатаң бақылауда

 Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бейсенбі күні Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қала құрылысымен танысып, сапа мәселесі қатаң бақылауда болатынын ескертті. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2018 г. 422 0
БЕС ЖЫЛДА ЖЕТКЕН БЕЛЕСТЕР

БЕС ЖЫЛДА ЖЕТКЕН БЕЛЕСТЕР

Тоқтаусыз уақыт бізді тағы бір оқу жылының соңына жеткізді. Ұрпақтар алмасып, мектеп бітірушілер үшін үлкен өзгерістер қарсаңындағы жаңа кезең басталды. Кеше облыстың барлық мектептерінде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтіп, 7113 түлек жаңа өмірге жолдама алды. Түлектердің  4821-і, яғни 67,8%-і  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Өткен жылмен салыстырғанда, сынаққа қатысушылар үлесінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Мектеп бітірушілердің 343-і «Алтын белгіге» үміткер. Алтын ұяларынан түлеп ұшқан қыз-жігіттердің білім бәсекесінде биіктерді бағындыратынына сенімдіміз. Өйткені, соңғы бес жылдағы бұл саладағы жетістіктер, алдыңғы толқынның үлгісі кеше мектеп бітірген түлектерді қанаттандырады деп ойлаймыз. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2018 г. 416 0
БІЛІМДІ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАУ

БІЛІМДІ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАУ

 Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жалағаш, Қармақшы аудандарына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы әуелі Жосалы кентіндегі Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептің ашылу салтанатына қатысты. Кеудесіне арман ұялаған түлектер мен олардың ұстаздарын, ата-аналар қауымын мерекемен құттықтады. Елбасының биылғы Жолдауында білім беру саласын жаңғыртуға үлкен мән берілгендігін атап өткен облыс басшысы бұл тарапта аймақта жаңадан бой көтерген білім нысандарының көптігін, оқушылардың жазғы демалыста тынығуына қолдау жасау секілді игілікті шаралар атқарылып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, түлектерге алдағы сынақтан сүрінбей өту үшін дайындықты пысықтай түсу қажеттігін айтып, ақ тілегін арнады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2018 г. 533 0
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ҚАЛАЙ ЖҮРУДЕ?

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ҚАЛАЙ ЖҮРУДЕ?

 Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамда белең алып отырған өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі. Ол еліміздің әлемдік қауымдастық алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, әрбір кәсіптің еркін әрекетін әлсіретеді.Біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған негізгі нормативтік құқықтық акт – Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы. Сонымен қатар, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жасалып, ол қоғам өмірінде сәтті жүзеге асырылуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2018 г. 431 0
ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМДАҒЫ  ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ

ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында осы тақырыпта семинар-тренинг өтті. Шараға дінтанушы мамандар мен аймақтағы жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.Жиында зайырлы қоғамдағы әйелдің орны, дінді ұстану ерекшеліктері мен құндылықтары жайында сөз қозғалды.Шарада «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Ақбөпе Тілегенова баланың ата-анаға берілген аманат екенін айтып, тәрбиеге баса мән беру қажеттігін жеткізді. Ал, «Парасат» консультативтік-әдістемелік орталығының директоры Индира Беркімбаева зайырлы мәдениет пен діни мәдениеттің ерекшелігіне тоқталды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2018 г. 407 0

ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ ЫРЫСТЫ КЕМІТЕДІ

Қазалы ауданында «Салт-дәстүр мен діни рәсімдер сабақтастығы» тақырыбындағы аудандық діни-танымдық семинар өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов төрағалық еткен шараға ардагерлер, әйелдер кеңесі бастауыш ұйымдарының жетекшілері, мешіт имамдары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. 
РУХАНИЯТ 26 мамыр 2018 г. 441 0
МАРСҚА ҰМТЫЛҒАН МАСК

МАРСҚА ҰМТЫЛҒАН МАСК

Осы күні әлемдегі ең танымал адамдардың қатарында Илон Маск есімі жиі аталады. Forbes таратқан мәліметке сәйкес,  кәсіпкер, инвестор һәм өнертапқыштың байлығы 21 млрд долларды жобалайды. Алайда, асқан танымалдылық оған оңайлықпен келмегенін біреу білсе, біреу білмейді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2018 г. 354 0