Суға түскенде сақ болыңыз!

Аймақта суға түсу маусымы басталғалы бері 8 адам суға кеткен. Оның 5-і өткен сенбі-жексенбі күні орын алған. Бүгінде суға кеткендердің 4-нің денесі табылса, біреуі іздестірілу үстінде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмылдыру да­йындығы басқармасы бас­шы­сының орынбасары Ғабит Жаңабаев хабарлады. Брифингке облыстық төтенше жағдайлар де­партаменті бастығының орын­­басары Саид Молдақараев, оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов, төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Әлімжан Марданов қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2018 г. 158 0
Әріптес мерейі

Әріптес мерейі

Қазақ журналистикасы саласында елу жылға таяу еңбек етіп келе жатқан әріптесіміз Бейбітбек Бүркітбаевтың есімі аймаққа ғана емес, республика көлемінде де кеңінен танымал. Еңбек жолын аудандық газеттен бастаған ол бүгінге дейін республикалық «Заң», «Ана тілі», «Алтын орда», халықаралық «Қазақстан-Zaman» се­кілді беделді басылымдарда абыройлы  қызмет атқарды. Кәсіби журналист ретінде қоғамдағы қайшылықтарды, әлеуметті толғандырған өзге де өзекті тақырыптарды  көтеріп, айқын көзқарасымен танылды. Сол еңбегіне орай «Ақпарат саласының үздігі», «Қазақстанның құрметті журналисі» атанды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2018 г. 296 0
Мерекедегі марапат

Мерекедегі марапат

Достық үйінде Астананың 20 жылдығына орай “Астана – Ұлы дала Елордасы” атты мерекелік шара өтті. Оған облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова, “Қоғамдық келісім” КММ директоры У.Ибраев, об­лыстық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ өкіл­дері, этномәдени бірлестік жетек­шілері мен белсенділері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2018 г. 144 0
Елорда тойы – елдіктің тойы

Елорда тойы – елдіктің тойы

 6 шілде – астаналықтар үшін ғана емес, бүкіл қазақ жұрты үшін айтулы күн. 1997 жылы 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы ел астанасының Ақмолаға ауысқанын ресми түрде жариялады. Ал бас қаланы көшіру идея­сы 1994 жылдың дәл осы күні көтерілген еді.
ЖАРНАМА 10 шілде 2018 г. 617 0
Жүргізуші куәлігіне баж салығы қымбаттады ма?

Жүргізуші куәлігіне баж салығы қымбаттады ма?

ҚР Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігіне баж салығының қымбаттауы туралы хабарды теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚОҒАМ 10 шілде 2018 г. 166 0
Суға кеткен 5 адамның біреуі әлі іздестірілуде

Суға кеткен 5 адамның біреуі әлі іздестірілуде

Соңғы екі күннің ішінде Қызылорда облысында 5 адамның суға кету дерегі тіркелді. Олардың барлығы қаза болған. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2018 г. 171 0
Беделі биік білім ордасы

Беделі биік білім ордасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларында жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды тапсырып, еліміз бойынша біраз нәтижелі іс қолға алынды. Бұл бағытта аймақ білімінің қарашаңырағы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде де жүйелі жұмыстар бар. Тілшіміздің осы оқу орны ректорының міндетін атқарушы, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисеновпен сұхбатында беделі биік білім ордасындағы оң бастамалар жайлы тарата айтылады.
Cұхбат 10 шілде 2018 г. 1 268 0
Бір үйдегі үш «алтын»

Бір үйдегі үш «алтын»

Қызылорда қаласында үш бірдей «Алтын белгі» иегері шыққан отбасы тұрады. Олардың кішісі биыл ғана мектеп бітірді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2018 г. 1 201 0
Жайылма қарбызы – Ресей нарығында

Жайылма қарбызы – Ресей нарығында

Жаңақорғанның брендіне айналған Жайылма қарбызының биылғы өнімі де диқандар көңілінен шығып отыр. Ала жаздай тәтті өнімді баптаған шаруалар қарбыздың алғашқы легін Ресейге жіберді. Қазақстанмен қатар көршілес Ресейде де сұранысқа ие өніммен биыл алғашқы болып Челябинск қаласының тұрғындары  дәм тататын болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2018 г. 341 0
Ақбас тұқымының артықшылығы көп

Ақбас тұқымының артықшылығы көп

 Мемлекет жылма-жыл ауыл шаруашылығын қолдау жұмыстарына, соның ішінде мал басын асылдандыру, көбейту ісіне көңіл бөлуде. Соның арқасында өңірімізде мал шаруашылығы бағытындағы кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Көптеген шаруа қожалықтары құрылып, ет, сүт бағытында жұмыстарын дөңгелентуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2018 г. 161 0