Қазақстандықтар Айдың ең ұзақ тұтылуын 27 шілде күні көреді

Қазақстандықтар Айдың ең ұзақ тұтылуын 27 шілде күні көреді

Қазақстандықтар Айдың тұтылуын Астана уақытымен сағат 23:13-те көре алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
ҚОҒАМ 24 шілде 2018 г. 426 0
Велосипедтің тіркеу нөмірі не үшін керек?

Велосипедтің тіркеу нөмірі не үшін керек?

Желі қолданушылары Астанада болған бір жағдайды қызу талқылауда. Полиция қызметкері саябаққа келген велосипедшіні тоқтатып, велосипед рамасының астындағы тіркеу нөмірін жазып алды. Аталған нөмірдің велосипедтің кітапшасында да көрсетілетінін түсіндірген. Алайда видеоға пікір қалдырғандардың көбісі велосипедті сатып алғанда ондай кітапшаны мүлдем алмағанын жеткізді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ТАНЫМ 24 шілде 2018 г. 480 0

СЕГІЗДІҢ СЫРЫ

Қызылордадан Жезқазғанға қарай тіке тартатын күрежол  бойымен қаладан он шақырымнан әрі өте бере оң жағыңызда «Сәдір сарайы» деген жер шығады. Кеңес өкіметінен бұрын осы маңнан Бірқазанға келіп қосылатын «Ошақтыкөл», «Ақбостай», «Көксу» аталатын аймақтарда қыпшақ руының бірнеше аталығы, оның ішінде Көкмұрын әулетінің екі жүзге жуық отбасы отырықшылыққа бейімделіп, егін салған.
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 324 0

Мұстафа Шоқайдың саяси университеті

Біздер ежелден көршілес болып келе жатқан Ресей мен Қазақстан қарым‑қатынастары туралы сөз еткенде көбіне кешегі патша өкіметінің отаршыл саясатын алдыңғы шепке шығарып келеміз. Бұл билік жүйесінің саясатынан туындап отырды. Сонымен бірге тегі, тілі, діні және ділі бөлектіктен те кейде қайшылықты жағдайлардың болғаны рас. Алайда  арысы Батыстың, берісі Ресейдің озық  мәдениеті мен ғылымының қазақ қоғамына игі ықпалы да аз болмағанына көз жұмуға әсте болмайды.
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 349 0

АЛТЫННЫҢ СЫРЫН, УРАННЫҢ ТІЛІН БІЛГЕН БҰҰ-ның эксперті, профессор Гаухар Сейтханқызы туралы бір үзік сыр

 Алтын сияқты, уран да таңқаларлық қасиетке ие металл. Ол атом энергетикасында ғана емес, медицинада да, ауыл шаруашылығында да және өнеркәсіпте де пайдаланылады. 1 келі уранның әлеуеті 3 миллион келі көмірдің қуатына тең. Уран ешқашан таза күйінде кездеспейді. Оны кеннен қышқыл ерітіндісі арқылы ажыратады. Бұл ұзақ әрі күрделі үдеріс. Ал арнайы жетілдірілген биомасса бұл үдерісті анағұрлым тездетеді. Экологиялық таза, экономикалық тиімді инновациялық технология полиметалдық кендердің гидрометаллургиялық мәселелерін шешуде жаңа мүмкіндіктер туғызып отыр. Бұл Қазақстан үшін бүгінгі таңда ерекше маңызды.
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 440 0
Кәсіпкерлер «Іскерлік байланыстар» құралы аясында Қызылордада оқи алады

Кәсіпкерлер «Іскерлік байланыстар» құралы аясында Қызылордада оқи алады

Біз кәсіпкерлерге кеңес беру айдарымызды жалғастырамыз. Бүгінгі тақырыбымыз «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы «Іскерлік байланыстар» құралына қатысты болмақ. Бізге кеңесті Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Мәдина Қасымжан береді.
Cұхбат 24 шілде 2018 г. 901 0

Қызылорда қаласына – 200 жыл

  Бекініс 1853 жылға дейін «Ақмешіт» аталып, орыс басқыншыларының келуімен генерал В.А.Перовскийдің құрметіне форт «Перовск» деп аталды. Ақмешіттің іргетасының қалану уақыты жөнінде екі түрлі пікір қалыптасқан.
АҚПАРАТ 24 шілде 2018 г. 856 0

Жауынгер және жарқын із

Шиелілік  Арыс Айсалыұлы Мизамбаев майданға 1942 жылы алынады. Үш ай әскери дайындықтан өткен соң, Орталық майдан құрамында Смоленск қаласын азат етуге аттандырады. Орталық майдан құрамаларының жауынгерлері  10 -гвардиялық армия қатарында, басқа құрамалармен бірге Смоленскіні неміс фашистерінен азат етті. Арыстың ротасы да бұл іске өз үлестерін қосты. Мұнан соң Украина майданына жіберіледі.
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 1 035 0

Ел білетін Ерсұлтан

«Іздеп келер інің бар болса,Бақытың барын содан біл.Аңсап келер ағаң бар болса,Әруағың барын содан біл. Аларды біліп, бермегеннен без,Ел-жұрты қашып, ермегеннен без.Үйіне қонақ қонбағаннан без,Көптің айтқанына болмағаннан без.»Төле би
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 423 0

КЕҢ ДЕ, КЕМЕЛ ҚАРИЯ

 Ілгергілер айтып отырушы еді, «Адамды екі нәрсе қартайтпайды; бірі жақсы мінез, екіншісі-жақсы сөз», деп. Сол айтпақшы, Әбдіхалық ағамыздың құрыштан құйылғандай денесі бұл күндері сәл-пәл еңкіш тартып, аздап ет қашқаны болмас, жанары баяғыдай өткір, сөзі нық, ісі бекем күйде. Бұл жаратушының берген қасиеті мен жақсы қартая білуінің белгісі болар. Сексен сегіз жасыңыздың биігіне көтерілген сүйегі асыл, жаны жайдары жан әңгімелесе қалсаңыз, ауыл-үйдің уақ әңгімесін емес, елдік тұрғыдағы, қоғамға қажетті қағидаттарды түйіп-түйіп ортаға тастайды. Өз пікірін күлкілдетпей, ашық та, сауатты жеткізуімен бірге, қағаз бетіне де түсіріп отыратын бейнеткіштігі де бар. 
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 408 0