Маңызды бастамаларға басымдық беріледі

Кәсіпкерлік саласында маңызды жобаларға басымдық берілмек. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру тетігі қарастырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Даму» қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал өкілдері айтты.
АҚПАРАТ 14 наурыз 2019 г. 139 0

Жаңа қала – жасампаз жоба

Мұнан соң облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев сол жағалауда орналасқан Қызылорда қаласының тарихи музейін аралап көрді. 
АҚПАРАТ 14 наурыз 2019 г. 146 0
Балық аулауға уақытша тыйым салынады

Балық аулауға уақытша тыйым салынады

31 наурыздан бастап 11 маусымға дейін облыс көлемінде «Уылдырық»  жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2019 г. 193 0

Ардагерлер алғысы

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Сырдария ауданында ардагерлермен кездесті. «Жалын» тынығу лагерінде өткен шараға ардагерлермен қатар зиялы қауым өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ 14 наурыз 2019 г. 136 0

Әлеуметтік шараларға 444,3 млрд теңге бағытталады

Сейсенбі күні ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамаларын іске асыру аясында қарастырылған қосымша бюджет қаражаты қандай мақсаттарға бағытталатынын айтып берді.
АҚПАРАТ 14 наурыз 2019 г. 122 0
Викторияның шуақты көктемі

Викторияның шуақты көктемі

 Жыл сайын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Ақордада Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар қыз-келіншектерімен кездесіп, мерекелік көңіл күй сыйлайтыны белгілі. Биылғы дәстүрлі шара «Көктем шуағы» деген атпен өтті. Жылы жүздесуге жиылған әйелдер қауымы арасында қызылордалық дәрігер Виктория Юн да болды. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2019 г. 269 0
«Ханшайымның» құтты қадамы

«Ханшайымның» құтты қадамы

Аралдық жеке кәсіпкер Сарагүл Құлбаеваның «алдағы уақытта мектепте оқитын қыз балаларға тігіншілік  өнерді, ісмерлікті терең меңгеруге тегін үйрететін  үйірме ашу жоспарымда бар» деген сөзіне әуелі таңданып қалдық. Өзі басшылық жасайтын тігін цехында біраз адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкердің бұл талабын естігенде «жүріс-тұрысыңның бәрі ақшамен өлшенетін бүгінгідей қоғамда мұндай адами көзқарас танытуыңа қарағанда қазақы тәрбиемен сусындаған шығарсың» деп топшылап қойғанмын. Қателеспеппін.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2019 г. 212 0
Шығармашылық байқаудан  жүлделі оралды

Шығармашылық байқаудан жүлделі оралды

Жыл басында «Нұр Отан» партиясы алғаш рет «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізген еді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына тың серпін беріп, нақты жобалар жүзеге асырыла бастаған тұста бұл  шығармашылық байқаудың орны ерекше. Бағдарламалық мақалалар еліміздің идеология саласындағы жаңа кезеңді бас­тап берді. Өйткені онда ұлттық кодты сақтап, тарихи сананы қалыптастыруға, санамызды жаңғыртуға бағытталған нақты мәселелер көтерілген. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2019 г. 307 0
Мәселені шешудің мүмкіндігі қарастырылады

Мәселені шешудің мүмкіндігі қарастырылады

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  пен өңірімізге сапармен келген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың, жергілікті мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен аймақтың мұнай-газ саласындағы көкейтесті мәселелерді талқылаған мәжіліс өтті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2019 г. 134 0
Сиқыры бөлек стрит-арт

Сиқыры бөлек стрит-арт

Жақында ҚР Президентінің тұңғыш қоры түрлі салалар бойынша үздіктерді марапаттады. Оның ішінде Сыр перзенті Аққали Зәкіров бар. Ол «Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті –  Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты» дипломымен марапататталды.  Марапат иесі бүгінде Алматы қаласында еңбек етуде. Жұмыс орны мен тұрақты мекені Алатаудың баурайында болғанымен, оның өнері еліміздің барлық қаласына жетіп жатыр. Атап айталық, Аққалидың суретшілігі өзгелерден ерек. Ол кенепке емес, зәулім ғимараттың қабырғаларына сурет салады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2019 г. 261 0