Кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына орай «Сыр медиа» ЖШС облыстық, қалалық және аудандық газеттерде хабарландыру мен сайлауалды үгіт-насихат материалдарын газет бетінде орналастыру бойынша өз қызмет құнын ұсынады

Облыстық «Сыр бойы» газеті 1929 жылдың 1 шіл­десінен шығады. Газет форматы А2. Бірінші және соңғы беттер түрлі-түсті. Шығарылымы аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері.
АҚПАРАТ 23 сәуір 2019 г. 143 0

Энергетика: болашақтан не күтеміз?

Қазақстан энергетика ми­нистр­лігінің мәліметі бойынша елімізде 2018 жылы 106,7 млрд кВт/сағ. электр қуаты өндіріліп, тұтыну мөлшері 103,2 млрд кВт/сағ. құраған. Демек, өндірілген көлем тұтынудан артық. Бірақ сарапшылар пікірінше, алдағы ондаған жылдар межесімен есеп­­тесек, Қазақстанға қосым­ша қуат көздері әбден керек. Халықаралық энергетика агент­­тігі, Дүниежүзілік энер­ге­тикалық кеңес, МАГАТЭ тә­різді ұйымдардың сараптамасына назар салсақ, 2050 жылға дейін әлем бойынша энергияға деген сұраныс көлемі ұлғаймақ. Бұл саладан 90 пайызға дейінгі өсімді Үндістан, Таяу Шығыс елдері мен Қытай қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бүгінде жерін­дегі табиғи кен орындарын игеру­де үнемшілдік танытып отырған АҚШ болашақта мұ­най мен газды экспорттаушы мем­­лекетке айналуы мүмкін. АҚШ 2030 жылға қарай мұнай өндірісінен Сауд Арабиясынан да озып кетеді деп болжануда. Бес жылдан соң әлемдік мұнай өн­дірісі көлемінің ұлғаюы дәс­түрлі емес қорларды игеру ар­қылы жүзеге аспақ. Мұнай өн­­ді­рісінің келешегі көлік ин­дустрия­­­сымен де байланысты болады.
Экономика 23 сәуір 2019 г. 883 0
ҰБТ – білім безбені

ҰБТ – білім безбені

Жыл сайын мектеп бітіруші, ата-ана, ұстаздар қауымының «Ұлттық бірыңғай тестілеуде нендей өзгерістер болады екен?» деп алаңдайтыны шындық. Өйткені, мектеп түлектеріне оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік беретін бұл сынақ 14 жыл бұрын енгізілгенімен, әлі де бір жүйеге түспей келеді. Биылғы түлектер үшін де ҰБТ өзгерісімен ерекшеленді. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2019 г. 500 0
Қызыл бұзау хикаясы және шаштың көкпен байланысы туралы

Қызыл бұзау хикаясы және шаштың көкпен байланысы туралы

Зеңгі баба сиырдың ішінде жатқан бұзаудың түр-түсін нақтап айтып, жаңылмай табатын көріпкел әулие болған. Оның өмірлік қосағы Әнуар ананың да іштегі бұзаудың қандай екенін ажырата алатын сыншылық қасиеті бар екен. Осы бір бағзы заманның оқиғасын айтушылар оны әртүрлі әулиелердің аузына салып жүр. Бұл – дұрыс емес. Әр аңыздың өз ақиқаты, әр киенің өз иесі бар. 
ЖАРНАМА 23 сәуір 2019 г. 1 522 0
«Nur Otan» съезі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бекітті

«Nur Otan» съезі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бекітті

«Nur Otan» партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2019 г. 213 0
Назарбаев президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Назарбаев президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Nur Otan партиясының съезінде Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын Қазақстан президентін сайлауға қатысуға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2019 г. 247 0
Жетістікке жеткің келсе...

Жетістікке жеткің келсе...

Жетістікке жетудің баршаға айқын бір ғана жолы анықталса, миллиардерлер, ғалымдар не әлемді өзгертушілердің саны әлдеқайда жоғары болар ма еді?! Біреу күні-түні еңбектеніп, енді бірі өзін дамытуға күшін аямай жетістікке жетіп жатады. Дегенмен соларды біріктіретін 5 әдет бар.  
ТАНЫМ 23 сәуір 2019 г. 498 0
Сайлау-2019: Сәдібек Түгел президенттікке үміткер ретінде құжаттарын тапсырды

Сайлау-2019: Сәдібек Түгел президенттікке үміткер ретінде құжаттарын тапсырды

  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Сәдібек Түгел тиісті құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2019 г. 240 0
Жылдамдықтың сыры

Жылдамдықтың сыры

 Ертеде дала кезген жолаушы жол үстінде келе жатып, қақпан құрып жүрген адамды кезіктіреді. Амандасып жөн сұрасқаннан кейін «Үйіме қонақ бол, осы жерден алыс емес, ертерек бара бер, мен қазір жетемін» деп өзі қалып қояды. Үйі «мың торғай қамаса, бір торғай тұрмайтындай» жұпыны, шұрық-тесік күйде екен.
РУХАНИЯТ 23 сәуір 2019 г. 158 0
Әкемнің күрең қасқасы

Әкемнің күрең қасқасы

Бұрындары біздің отбасымызда әкемнің күрең қасқа тұлпары болатын. Бұл жылқының төресі тұрысы мен жүрісі бөлек, сұлу да кербез жануар еді. Оның қасиеті бір адамға ғана тоқтап, бағынатынынан байқалатын. "Сүрінбейтін тұяқ болмайды" демекші, жүріп келе жатқанда сүрініп кетсе, сонысына ұялып, мінген адамынан кешірім сұраған секілді бір рет бұрылып қарап, содан кейін ғана жүрісін жалғастыратын. Адалдығы соншалық егесін ешқашан жалғыз тастап кетпейтін.
РУХАНИЯТ 23 сәуір 2019 г. 164 0