Ортақ мақсат жолында

Ортақ мақсат жолында

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Бейжіңде өткен «Бір жол, бір белдеу» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу рәсіміне қатысты.
Саясат 27 сәуір 2019 г. 486 0
Жаныңда жүр  ғажап жан

Жаныңда жүр ғажап жан

Пайғамбарлардан кейін адамзат қауымы азғындыққа түспес үшін және жалған дүниедегі пен­делер­дің парызын есіне тү­сіру­ үшін Алла өзі таңдаған құлдарына, яғни, әулиелерге ерекше қасиет дарыт­қан. Өйткені адам баласы ұмытшақ әрі қыңыр. Олар әулиелер тұрмақ, Пай­ғам­барлардың өзін талай рет тас атып қуған. Әулиелер сол ерекше қасиеттерімен халықты жақ­сылыққа, рухани тазалыққа, мейірімге, иманға үндеген. Жүр­ген жерін жамандықтан тазарт­қан. Адамдарды ауру-сыр­қаудан айық­тырған. Сон­дықтан халық оларды ерекше құрметтеп, зираттарына тәу еткен. Алайда, әулиелердің отқа сал­са, күймейтін, суға салса, батпай­тын қа­сиеттері немесе бір мез­гіл­де екі шаһарда, екі мешітте на­маз оқи беретін кереметтері құпия болып қала берген.
Cұхбат 27 сәуір 2019 г. 504 0
Кие

Кие

Қазақ киеден қатты қорқады. Киесі ұрады дейді. Адыраспан, аққу, ақбөкен, жаулық, жылқы, қобыз, ат тағасы, батаның киесі (теріс бата), ұстахана... Осылайша киелі дүниені жұрт тізбектей береді. Расы керек, шынымен жоғарыда айтқан ұғымды бойға сіңіріп өскен сіз бен біз де осыларда әлдебір күш барына сенеміз. Адамдар арасын жалғайтын да осы. Мейлі, ол адам өлі болсын, тірі болсын. Аруаққа тіл тигізуден қорқатынымыз да сол. Онда кие бар деп түсінеміз. Демек, кие дегеніміз – сенім. Сол арқылы жақсылыққа ұмтылып, жамандыққа тосырқай қараймыз. Әсілі, кие ұғымы арқылы ата-бабамыз ізгі­лік жолын осылай әспеттейді. Бір сөзбен айтқанда, кие – сенің жүрегіңді жақсы қасиетке бастайтын күш екенін байқамайсың да.
ҚОҒАМ 27 сәуір 2019 г. 623 0
Бір мектептің тарихы

Бір мектептің тарихы

Шиелі ауданындағы іргелі елді мекеннің бірі – Балаби бұл күндері сән-салтанаты келіскен, әлеуметтік жағдайы да жақсарған ауылдардың қатарына жатады. Кешегі кеңестік кезеңде де «Қазақстанның ХХХ жылдығы» атындағы кеңшар озық шаруашылық саналатын еді, сондағы еңбек еткен еңбеккерлердің сабақтастығы әлі күнге жалғасып келе жатыр. Олардың көпшілігі және бүгіндері еңбекке араласқан ұрпақтары нарықтық қатынастың да қыр-сырына қанығып, қатарынан қалмай тіршілік етуде.
ҚОҒАМ 27 сәуір 2019 г. 148 0
Жаңартылған білім –жетістік бастауы

Жаңартылған білім –жетістік бастауы

Ақпараттар ағыны тас­қын­дап, жаһандық даму мен өзгерістердің лебі қоғамның кез келген саласын шарпып жатқан қазіргі кезеңде орын алып жатқан реформаларды саралап, екшеп үлгеру қажеттігін уақыт дәлелдеп отыр. Алға қарай өсу, даму, әлемдік өзгерістер мен тәжірибелерге сәйкес болу үшін, өзгеру, жаңару құ­бы­лы­сы, әрине, керек-ақ. Елба­сы­ның бастамасымен енген білім саласындағы реформаны алға­шында тосырқай қабыл­да­ғанымыз жасырын емес. Бұл тосырқаушылық жаңа жү­йені дұрыс түсінбегендіктен, ше­тел­дік тәжірибеден алынған кей­бір тұстарын, терминдерін ұлт­тық болмысымызға қайшы деп түсінгендіктен туындаған еді. Уақыт өте келе жер-жерде, кезең-кезеңімен өтіліп жатқан білім жетілдіру курстарының нәтижесінде күдігіміз сейіл­гендей болды.
ҚОҒАМ 27 сәуір 2019 г. 49 0
Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Барлық өркениетті елдер даму стра­те­гиясын айқындап жүйелеу кезінде жоғары білім­нің сапасын бірінші орынға қояды. Өйткені жоғары білім – кәсіби машықтану алаңы. Елба­сы­мыздың бі­лім сапасын көтеру талабы бүкіл білім жүйесіне әсер ететін жоғары оқу орын­дарында қалай жүзеге асырылуда? 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2019 г. 53 0

Кәсіпті қолдау көркейтеді

Жыл өткен сайын мемлекеттік қолдау аясында өз кәсібін өркендетуге мүмкіндік алған қарапайым жандар қатары артып келеді. Қолдауға ие болған  жандардың бірі – жалағаштық кәсіпкер Гауһар Дәрібаева. 
АҚПАРАТ 27 сәуір 2019 г. 24 0
Жалағашта күн электр станциясы салынады

Жалағашта күн электр станциясы салынады

Балама энергиямен жабдықтау – әлемдік деңгейдегі негізгі мәселеге айналды. Біздің елімізде де бұл бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізіле бастады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2019 г. 75 0

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша гранттар байқауы басталды

«Samruk-Kazyna Trust» қоры 2019 жылы «ӘРЕКЕТ» жобасы бойынша гранттар байқауына 150 миллион теңге бөлді.  Байқаудың шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 млн теңге көлемінде грантқа өтінім бере алады.
АҚПАРАТ 27 сәуір 2019 г. 40 0
Қазақтың жаны – қолөнер

Қазақтың жаны – қолөнер

Біраздан бері үзілген тінді қайта жалғағандаймыз. Өткен жылдан бастап ауылдарды аралап, оның тыныс-тірші­лі­гімен танысудамыз. Оған себеп – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ма­қаласы. Өткенді тірілтіп, өш­кенді жандыру бізге парыз. Осы тұрғыда өңірдің бірқатар елді мекенін араладық. Соның бірі – Жосалы кентінен 140 шақырым қашықтықта жатқан Т.Көмекбаев ауылы. 
ҚОҒАМ 27 сәуір 2019 г. 38 0