Омикрон штамы өршіп тұр

547

0

Аймақта коронавирус ахуалы күрделенуде. Індет жұқтырғандардың 28,4

проценті инфекциялық стационарда, 73-і үй жағдайында бақылануда. Анықталған жағдайлардың барлығы –  дерттің жаңа ошағы.

Дертке шалдыққандарды дер кезінде емдеу жолға қойылған. Қазіргі таңда облыс бойынша 285 инфекциялық төсек-орын бар. Стационарда 88 науқас ем қабылдап жатыр. Әйтсе де бетперде киіп сақтанып жүргендер аз. Сақтық қажет. Жалпы бақылауда 490 науқас бар. Олардың 484-і вирус жұқтырса, алтауында пневмония. Уақытында дұрыс ем алмаған соң жағдайы күрделеніп кеткен 4 науқас реанимациялық бөлімде ем қабылдап жатыр. Ал модульдік ауруханада 1, көпбейінді облыстық ауруханада  3 науқас бар. 26  шілде күнгі көрсеткішке қарағанда, облыста коронавирус инфекциясынан 53 науқас емделіп шыққан.

Әлемде омикрон штамы өршіп тұр. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша соңғы аптада Еуропа, Шығыс Жерорта теңізі мен Африка өңірін санамағанда, қалған 3 өңірде коронавирустың таралуы 30 процентке өсті. Cоңғы аптада әлемнің 92 елінде сырқаттанудың өсуі байқалып отыр. Оның ішінде COVID-19 Әзербайжанда 115, Жапонияда 70, Польшада 63, Ресейде 49 және Қытайда 36 процентке жетіп отыр», − деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

27 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде 20958 адам коронавирус инфекциясынан емделуде.  Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 1386 пациент стационарда, 19572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. «КВИ-ге шалдыққандардың арасында 32 адамның жағдайы ауыр, 12 пациенттің жағдайы өте ауыр, 7 науқас ӨЖЖ аппаратымен демалуда», − деп мәлімдеді комиссия.

Қауіп жоқ демей, сақтық шараларын күшейтіп қарекет қылу қажет.

Гүлбану Мақажан,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<