Жаңа жылдың алғашқы сәбилері

794

0

Фото: ашық дереккөзден

Облыста Жаңа жыл түні  16 сәби дүниеге келді. Оның 10-ы – ұл, 6-ы – қыз.

Жалпы мереке күндері  барлығы 58 нәресте туған. Оның 28-і ұл бала болса, 30-ы – қыз. Олардың арасында Балназым және Гүлназым есімді егіздер де бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова хабарлады.

– Мереке күндері өмірге келген нәрестелердің жағдайы жақсы. Қазір сәбилер мен олардың аналары дәрігерлердің бақылауында. Жалпы облыстық перинаталды орталықта нәрестелерге көмек көрсететін арнайы палата, 55 төсек-орындық «Нәрестелер патологиясы» бөлімшесі және жансақтау бөлімшесі жұмыс істейді. Жағдайы орташа ауыр және қосымша көмекті қажет ететін сәбилер 2 сағат жаңа туған нәрестелерді реанимациялау тобының бақылауында болады. Айта кетейін, республика бойынша мұндай қызмет көрсететін палаталар ана мен бала орталығында алғаш іске қосылды. Аталған бөлімшелер жоғары сападағы заманауи құрылғылармен жабдықталған.

2023 жылдың алғашқы сағаттарында дүние есігін ашқан егіз қыздардың жағдайы ауыр болып, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Бүгінде олардың жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер тиісті ем-шараларды жүргізуде, – деді  басқарма басшысының  орынбасары.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<