Ерекше жоба – ерекше жастар үшін

31

0

Фото: автордан

Еліміз «тең қоғам – тең мүмкіндіктер» қағидасы аясында қоғамда барлық азаматқа қолайлы жағдай, жайлы инфрақұрылым жасақтауды жолға қойған. Әр адамның өз мүмкіндігін жүзеге асыруына мемлекет тікелей қолдау білдіріп ғана қоймай, жан-жақты жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Әсіресе мүгедек жандардың құқығын қамтамасыз етіп, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында түрлі жобалар қолға алынып, қазіргі таңда өз нәтижесін беруде.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Инклюзивті қоғам дамыту» гранты «Қызылорда өңірінде еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жастарды креативті өнерге тарту» жобасы аясында «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өз қолыңмен жасауды үйретемін» оқыту курсы өткен болатын.

Жоба аясында аймақтағы бірқатар мүмкіндігі шектеулі жастарға түрлі бағыттағы оқыту курстары ұйымдастырылып, олар 6 ай көлемінде теориялық және практикалық негізде білім алды. Атап айтқанда, «Жасанды интеллект (манкинг): фигма, канва, цифрлық контент», «Графикалық вебдизайн (ноу код)», және «Этноөнер» бағыттары бойынша М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің мүмкіндігі шектеулі оқушылары мен студенттер, «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, мүгедектігі шектеулі жастар, №7 арнайы түзету мектеп интернатының жоғары сынып оқушылары білім алды.

Ерекше жастарға керемет мүмкіндік сыйлаған оқыту курсы бүгінде өз мәресіне жетіп, курс қатысушылары өз нәтижелері мен жеткен жетістіктерін қорытынды презентациялық кеште көрермен назарына ұсынды. Мазмұнды шараға азаматтық қоғам өкілдері, белсенді жастар, жоба серіктестері, ҮЕҰ жетекшілері, мүгедектігі бар жастар мен БАҚ өкілдері қатысты. Шараны «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Зейнар Тәжиева ашып, жоба серіктестері мен барша қатысушыларға, дәріс тренерлеріне алғыс білдірді.

Сонымен қатар, шара барысында қатысушылар арнайы презентация әзірлеп, табыс тарихымен бөлісті. Барлық қатысушылар мен серіктерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификат пен бағалы сыйлықтар табысталды. Шара соңында барша қатысушыларға арнайы дәм ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<