Н.Ілиясов ауылының еңбеккерлері күрішті жинауға кірісті

151

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Н.Ілиясов ауылындағы «Мағжан және К» ЖШС-де егінге орақ түсті. Іс-шараға Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, ауыл ардагерлері мен серіктестік қызметкерлері қатысты.

Егінге орақ салу рәсімінде аудан әкімі егіншілерді науқанның басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
– Сыр күріші – ел ырысы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен жыл сайын аграрлы өңіріміз ауыл шаруашылығы саласы бойынша жоғары белестен көрініп келеді. Оның ішінде, Нағи Ілиясов ауылындағы дала еңбеккерлерінің ел қамбасын алтын дәнге толтыру ісіне қосатын үлесі қомақты. Биыл да адал еңбекті ту еткен дала еңбеккерлері күріштен мол өнім жинайды деп сенеміз. Өнім мол болсын, қырман тасысын! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Өз кезегінде «Мағжан және К» ЖШС-нің төрағасы Дархан Ералиев шаруашылық тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді. Оның қатарында елді мекенді көркейту, тұрғындарды әлеуметтік қолдау жұмыстары бар. Серіктестікте биыл 2500 гектарға күріш, 664 гектарға бидай егіліп, 1107 гектар ескі жоңышқа күтімге алынған.

Егінге орақ салу рәсімінде «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Төребек Жұмабекұлы жиналғандарға ақ батасын беріп, қамбаның қызылға толуына тілектестігін білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<