Қармақшыда егінге алғашқы орақ түсті

153

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Қазіргі таңда Қармақшы ауданының диқандары алқаптардан өнімін жинауға кірісті.

Бүгін «Ақжар» шаруа қожалығының егін алқабында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ш. Сыдықовтың қатысуымен егінге алғашқы орақ түсті.

Шарада Шыңғыс Әбділәмитұлы ізгі тілегін білдіріп, агросалада атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасын өрістеткен негізгі бағыттардың бірі. Оның ішінде, ауданымыздың табиғи ерекшелігіне, ауа райы мен топырақ құрамына бейімделген негізгі дақыл – күріш. Аудан бойынша 2024 жылы 25 476 гектар алаңға егіс орналастырылса, оның ішінде күріш көлемі 13 270 гектар. Су үнемдеу технологияларын пайдалану бойынша былтыр тамшылатып суару тәсілімен 5 гектар жерге алма бағы егілді. Биыл 95 гектар жерге су үнемдеу технологиясы пайдаланылуда, оның ішінде жаңбырлатып суару тәсілімен 65 гектар жоңышқа, тамшылатып суару тәсілімен 30 гектар көкөніс, бақша дақылдары егілді, – деді Ш. Сыдықов.

Одан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев сөз сөйлеп, дала диқандарының ақадал еңбектерін атап өтіп, жиналған жұршылықты «Дала күні» мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары батасын беріп, егіннен өнімнің мол болуын тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<