Алматыда 12 жастағы қыз 13-қабаттан секіріп кетті

640

0

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде 12 жастағы қыз 13-қабаттан секіріп кетті деген ақпарат тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желідегі жазбадағы ақпаратқа сәйкес, оқушы қыз қосымша сабаққа шығып кеткен. Алайда ол 13-қабатқа көтеріліп, секіріп кеткен. 

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 

«Бұл дерек бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы анықталып жатыр», – дейді ПД өкілдері. 

Полицейлер оқушы қыз «Синий кит» ойынын ойнады деген ақпаратты жоққа шығарды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<