Республика сарайының сахнасында – симфония оркестрі

497

0

Фото: облыс әкімдігі

Бүгін Республика сарайында өткен Қызылорда облысының Алматыдағы өнер күндері аясындағы «Сұлу Сырдан – ару Алматыға» атты гала-концертте симфония оркестрі өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Гала-концертті облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам, өнер қайраткерлері тамашалады.

Өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен кәсіби музыканттардан өнер ұжымы құрылған болатын. Бүгінгі концертте М.Әмзе жетекшілік ететін оркестр классикалық өнер туындыларын орындап, шеберлігімен тыңдаушыларды тәнті етті.

Ішекті, үрмелі және соқпалы музыкалық аспаптарды меңгерген 50 музыкант әлем классиктерінің шығармаларын орындаудан халықаралық байқауларға да тұрақты қатысады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<