Астанада Сыр өңірінің жәрмеңкесі өтеді

208

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

Алдағы сенбі-жексенбіде, яғни 28-29 қыркүйек күндері ел ордасында Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда өңірінің брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызы, ұлттық сусындары ұсынылады. Жәрмеңкеде Қызылорда облысының шаруалары мен дихандары 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері және «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері нарықтық сатылымнан төмен бағада сатылады.

Атап айтқанда, 250 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімдері, 30 тоннадайбалық өнімдері, 80 тоннадан астамкөкөніс пен жеміс-жидектер, 180 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері жеткізіледі.

Сонымен қатар, Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Жәрмеңке сағат 9:00-18:00 аралығында «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолында өтеді.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<