Astana Media Week: дәстүрлі медиа апталық басталды

248

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгін елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Astana media week-24 апталығының ашылуы болды.

Медиа апталыққа қатысушыларға министр А. Балаеваның тілектестігін вице-министр Қ.Ысқақов жеткізді.

«Құрметті әріптестер, баршаңызды жыл сайынғы Astana Media Week апталығының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Биыл «Медианың әсері және цифрлық үндестік» тақырыбына арналуы қоғамдағы өзгерістер мен жаңа технологиялық дәуірде ақпараттық маңыздылығын тағы да айқындай түседі. Медианың күнделікті өмірде ықпалы зор, ол тек ақпаратты тарату ғана емес қоғамдық пікірді қалыптастырушы мәдениетті дамытуда үлес қосады. Цифрлық технология жылдам дамып, осы үрдістерді жаңа деңгейге көтеріп медианың ықпалын одан әрі күшейтеді. Бұл үрдістер медиа мамандарының біліктілігін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Astana Media Week медиа саласының көшбасшылары мен кәсіпқой мамандар мен сарапшыларды бір алаңға жинап, өзекті мәселелерді талқылайтын кәсіби алаңға айналды. Баршаңызға табыс тілеймін», – делінген хатта.

Апталық барысында «Қазақстан әлемдік ақпараттық алаңда», «Медианың жаңаруы: заң, қауіпсіздік және трансформация», «Медиа трендтер: классикалық платформадан цифрлық медиа-экожүйеге дейін», «Өңірлік БАҚ дамуында синергияның көрінісі», «Медиа мамандарды даярлау: не күтеміз, не аламыз?» сынды тақырыптар талқыланатын болады.

Қорытынды бөлімде «Үздік баспасөз хатшысы», «Ақпарат саласының үздігі» және «Үркер» ұлттық сыйлығын табыстау іс-шарасы өтеді.

Қуат Шарабидинов,

«Сыр бойы»

Астана

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<