Ақпарат министрлігі Telegram-ның қылмыскерлерге қатысты деректерді ұсынуын қолдайды

196

0

Фото: ТАСС

Енді Telegram бүкіл әлем бойынша үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету шарттары мен ережелерін бұзғандардың IP мекенжайлары мен телефон нөмірлерін заңды талаптарға сәйкес тиісті органдар жариялауы мүмкін. Осыған қатысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов пікірін білген едік.

«Telegram желісі басшысының айтуынша, тек қылмыстық контенттерді таратушының жеке мәліметтері берілуі мүмкін. Заңсыз контенттердің алдын алу және пайдаланушылардың құқығын қорғау мақсатында біз бұл жаңашылдықты қолдаймыз. Біз тек Telegram желісімен ғана емес, басқа да әлеуметтік желілер басшылығымен тығыз жұмыс жасауды жалғастырамыз. Әсіресе тәуекел тудыратын балаларға қатысты заңсыз контенттердің таралуы маңызды болып отыр», – деді Қанат Ысқақов Astana Media Week іс-шарасы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Telegram пайдаланушыларының телефондары мен IP мекенжайлары құқық қорғау органдарының ресми өтініші бойынша қауіпсіздік қызметкерлеріне ашылады. Мұны күні кеше мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров хабарлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<