Сот медициналық-биологиялық сараптамасының құрылымы

71

0

 Сот медицинасы – сот және тергеу тәжірибесіндегі медицина, биология және жаратылыстану сұрақтарын шешуші және зерттеуші медициналық ғылым.Сот биологиялық сараптамалар (зерттеу) құқық қорғау органдары мен соттардың шешімдеріне (нұсқауларына) сәйкес жүргізіледі.

Сот медициналық сараптамаларында зерттелетін нысандарына мәйіттер, тірі адамдар, биологиялық сипатағы заттай дәлелдемелер:қан, шаш,шәует, сүйектер, бұлшықеттер, тері, ішкі ағзалардың бөліктері, адам ағзасының әртүрлі секрециялары, қылмыс құралы болған және оның іздері сақталған заттар жатады. Зерттеу жүргізудегі мақсат – заттай дәлелдемелер бойынша дақтарда қан мен секрецияның(шәует, сілекей, тер,несеп,нәжіс, қынап эпителийі) болуын анықтау. Сонымен бірге заттай дәлелдемелер бойынша дақтағы қанның түрін, тобын, жынысын және аймақтық тиесілігін, сұйық қанның топтық тиесілігін анықтау, заттай дәлелдемелер бойынша дақтардың бөліну тобын және жынысын анықтау, шаштың түрін, аймақтық және топтық тиесілігін анықтау, заттай дәлелдемелер бойынша қан дақтарын, шәует, сілекей, қынап эпителийін, бұлшықет тінін молекулалық-генетикалық зерттеуді, молекулалық-генетикалық әдіс арқылы сүйек қалдықтарын, бұлшықет тінінің фрагменттерін анықтауға болады.

Сот биологиялық медициналық сараптамаларды тағайындау мен жүргізудің процестік тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген.

Ғалия ДАСТАНОВА

Қызылорда облысы Сот сараптамалары Институтының

биолог сарапшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<