«Таза Қазақстан – таза қуат!» экологиялық сенбілік өтті

86

0

Фото: Жалағаш ауданы

Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен аудан тұрғындары, ерікті жастар белсене қатысты.

Сенбілік жұмыстары барысында орталық көшелер мен аллеялар, арықтар тазаланып, қоқыс қалдықтары белгіленген орындарға шығарылды. Сенбілік жұмыстарына аудан орталығынан бөлек ауылдық округтердің тұрғындары да қатысып, белсенділік танытты.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<