ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

291

0

ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ Бүгін Қазалы қаласында ҚР Конституциясының 23 жылдығына арналған мерекелік салтанатты шара өтті.
Оған аудан әкімі М.Ергешбаев, аудан әкімінің орынбасарлары мен мәслихат депутаттары, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
– 1995 жылы Конституцияны бірауыздан қолдап, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен ерік-жігерінің арқасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келе жатырмыз. Сонымен қатар, біз өзіміз бен келешек ұрпағымыздың жарқын болашағын құрдық.
Сондықтан Конституцияға құрметпен қарау, оның ережелерін орындау және іргелі заңның хатын және рухын ұстану – біздің еліміздің әрбір азаматының тікелей міндеті,- деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.
Салтанатты шарада өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ел тұрғындары «Алғыс хатпен» марапатталды. Мерекелік шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<