Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда сайты.
«Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбдіжәміл Нұрпейісов мәдениет саласының қазіргі жағдайы жөнінде пікір алмасып, отандық әдебиетті одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады», – делінген хабарламада.
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов – қазақ әдебиетіне орасан зор үлес қосқан танымалы кеңестік және қазақстандық жазушы әрі аудармашы. Ұлы Отан соғысының ардагері. 22 қазанда оның жасы 94-ке толды. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы әлемнің 30 аса тіліне аударылған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<