Естен кетпес саяхат

2018

0

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында “Атамекен” отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Шығыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және көрнекті орындарында болды.  Тәрбиешілерімен бірге барған 44 баланы Өскеменде “Үміт” балалар үйінің ұл-қыздары қарсы алды. Онда арнайы саяхат пен естен кетпес ерекше демалыс ұйымдастырылды. 

Мәселен, балалардың ал­ғаш­қы саяхаты Күршім ауданынан басталды. Оған же­ту үшін Ертіс өзенін бойлай пароммен жүруге тура кел­ді. Ал, аудандық мәдениет үйі­нің қызметкерлері паромды концерт алаңына айналдырып, балақайларға жақсы кө­ңіл сыйлады. Бұл демалыс көптеген балалар үшін Мар­қакөл көлін, сондай-ақ, Мой­нақ трактатындағы петроглиф­тер галереясын көруге жол ашты. Сонымен қатар, олар ашық аспан астында адамдар бейнесін, жануарлар мен аң аулау сахналарын, оған қо­са, мұнда 400-ден аса тас бол­са, онда орналасқан 3 мың­нан астам  суретті көр­ді. Сон­дай-ақ, экспедиция қаты­су­шылары «Жалынды жартас», «Рухтар қаласы» немесе «Жердегі Марс бөлшегі» деп аталатын Қиын Керіш шат­қалының көркем де сиқырлы көрінісінің куәсі болды.

Табиғаты көркем, ерекше аймақта саяхаттаған бала­лар­дың әсері мүлдем бөлек.

– Бұл жерден алған әсе­рімді сөзбен жеткізе алмаймын. Шығыс Қазақстан туралы көп нәр­сені білдім. Мұндағы сапар маған эмоциядан бөлек білім мен достар сыйлады, – дейді Роман Ступновский.

Марс пейзаждарынан кейін саяхатшыларды Зайсан көлінің жағалауында орналасқан фо­тографтар мен жабайы пей­заж­ды ұнатушылардың сүйікті орны – Шекелмес мүйісі күтіп тұрды. Осы таңғажайып мас­сивті зерделей жүріп, бала­лар тас қиялардағы петро­глиф­терді кездестірді, иен даланың еліктірер хош иісін жұтып, Зай­сан көлінің мөлдір тұнығын тамашалады.

– Бізге қонақжайлық танытып, ел тарихынан хабардар еткен Күршім ауданының әкімі Дулат Қажановқа алғысымыз шексіз. Мұнда ба­лалар таби­ғатты тамашалап қана қой­ма­ды, ең бас­ты­сы, өздеріне дос тапты, – де­ді “Атамекен” от­басылық үлгі­дегі балалар ауыл­ының қызметкері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<