Көлігіңіз тіркелген бе?

561

0

Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын елімізге әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шыққаны белгілі. Соған сәйкес облыста 1 маусым – 1қыркүйек аралығында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Армения Республикасынан осы жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген және Қазақстан азаматтарына тіркелген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары жүргізіледі.

Әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615, 553-бабында белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеу үшін алым мен мемлекеттік баждар төлей отырып, басқару органдары сол жақта орналасқан, Арменияның уәкілетті органдарында тіркеу жүзеге асырылады.

Үкіметтің қабылданған қаулысы шеңберінде автокөлікті тіркеу құны 11 946 теңге. Соның ішінде тіркеу үшін – 695 теңге (0,25 АЕК), техникалық төлқұжат үшін баж – 3473 теңге (1,25 АЕК), мемлекеттік нөмір үшін–7778 теңгені  (2,8 АЕК) құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<