Ресми: Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты Алматыда өтеді

649

0

Күрес түрлерінен 2020 жылғы Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы грек-рим, еркін және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 2020 жылғы 19-26 қараша күндері Алматы қаласы «Достық» спорт кешенінде өтеді. Чемпионатқа көрермендер қатыстырылмайды. Чемпионат UWW бекіткен ережеге сәйкес өткізіледі», – делінген баспасөз хабарламасында.

Күрес жарысы елдегі коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведмоствалық комиссия отырысының хаттамасындағы барлық санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылмақ. Барлық қатысушылар 1-3 күн бұрын тапсырылған ПТР-сынағының теріс нәтижесі туралы анықтамасымен келеді. Анықтама әр спортшыға міндетті. ПТР-сынағының анықтамасы жоқ команда мүшелеріне чемпионатқа қатысуға рұқсат етілмейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<