Түркістанда «Түркістаным-Тұраным» атауымен суретшілер көрмесі басталды

496

1

Бүгін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Саммиті аясында Түркістан облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Түркістаным-Тұраным» атты симпозиумына қатысушы суретшілердің әлемдік деңгейде жазылған шығармаларынан жасақталған көрменің ашылуы өтті.


Басты мақсат – Түркітілдес халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты, мәдени байланысты нығайту, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, түркітілдес мемлекеттердің белгілі суретшілерінің туындыларын насихаттау және бір-бірімен іс-тәжірибе, пікір алмасу. Түркітілдес елдердің рухани астанасы Түркістанды өнер тілімен насихаттау.

Симпозиумге халықаралық дәрежедегі суретшілер Татарстан республикасы Еңбек сіңірген суретшісі Ильнур Сиразиев, Түрік республикасынан суретші Замира Шахин, Әзірбайжан республикасынан Жалал Агаев, Ресейден Геймран Баймуханов, Өзбекстаннан Дилором Мамедова, Қырғызстанның халық суретшісі академик Юристанбек Шигаев елімізден белгілі азаматтар қатысты.

Симпозиумда «Түрксой» Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов сөз сөйлеп, суретшілерге сертификат тапсырып, мәртебелі дипломдармен марапаттады. Шарада шетел суретшілері атынан Қырғызстанның Халық суретшісі Юристанбек Шығаев пен Қазақстан суретшілері атынан ҚР Көркем академиясының академигі және вице-президенті Ерлан Айтуаров сөз сөйлеп, көрменің маңыздылығын тілге тиек етті.


Айта кетейік, симпозиумда суретшілер 5 күн аралығында 120-дан астам жоғары дәрежедегі туындыларды жазды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<