Көшедегі дәретханадан нәресте табылды

852

0

Атырау облысында көшедегі дәретханадан жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«3 қазан күні Индер ауданында баласын дәретханаға тастап кеткен күдікті анықталды. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы шақалақтың денсаулығына қатысты ақпарат беруге уәде етті.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<