Үш буынды модель тергеу сапасын жақсартты

904

0

Өткен жылы Президент Жолдауында азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін қылмыстық процестің үш буынды моделін құруды тапсырған болатын. Соған байланысты, қылмыстық заңға өзгерістер енгізіліп, қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты. Бұл азаматтардың құқықтарын 3 буынды деңгейде қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

– Жыл басында басталған процестің 1 кезеңі жақсы игерілді. Екінші кезеңін 2022 жылдың басында дамыту қолға алынбақ. Онда аса ауыр санаттағы қылмыстық істер бойынша прокурорлар айыптау актісін жасайтын болады. Жалпы, үш буынды модельді енгізудің бірінші кезеңінің нәтижелері қылмыстық процестегі көптеген позицияларда ілгерілеуді көрсетті. Нәтижесінде, тергеу сапасы жақсарды. Ал, сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша ақтау үкімі және ақтау негізінде тоқтатылғандар орын алмаған, – деді облыстық прокуратураның басқарма басшысы Батырбек Нұрмағанбетов.


Айта кету керек, үш буынды модель аясында прокурорлар келіскен және бекіткен шешімдер бойынша заң бұзушылықтарға жол берілмеген. Полиция органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізетін жалпы автоматтандырылған жұмыс орны 100% қамтылды. Нәтижесінде қылмыстық іс жүргізудің электронды форматы 88%-ға жетіп, республикада үшінші орынға шықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<